Өнегелі іс!

Өнегелі іс!
жеке
блог

Қазақстандық әйгілі продюсер әрі дизайнер Жадо еліміздегі демография мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, бизнес-ханшайым Қызылорда облысының Арал ауданындағы жаңа перзентхананың бой көтеруіне ат салысып жатыр. Бұл жөнінде Жадоның өзі: «Қазір менің әжем Арал қаласында тұрады. Сондықтан бұл қалаға жиі барып тұрамын. Қала халқының жағдайымен жақсы таныспын. Жақында, Аралда заманға сай перзентахананың жоқтығы туралы естідім. Келіншектер үй жағдайында босанатын көрінеді. Бала – біздің болашағымыз десек, олардың өмірге келіп, әйелдердің күтінуіне жағдай жасауымыз қажет», – деді. Бұл жағдай тек Арал өңірінде емес, Қазақстанның өзге аймақтарына да таныс. Қалтасы көтеретін, жүрегі жомарт жандарға құлаққағыс, әйел денсаулығына бей-жай қарамай, осындай өнегелі істерді қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді. Перзентхананың құрылыс жұмыстары жақын арада басталады.

Жадо ханымның бұл өнегелі ісіне Алланың мың сауабы тиер деп сенеміз!