Менде де көп жаңалық. Ал Массагетте не жаңалық?

Менде де көп жаңалық. Ал Массагетте не жаңалық?
жеке
блог

Салем массагеттіктер! Көп болып еді пост жазбағалы. Оның себебі де болды. Жеке отбасылық жағдайлар, жұмыстағы өзгерістер және конкурсқа дайындық т.б. Алла деп бәрі орнына келіп, өмірдің тағы бір кезеңінен сүрінбей өткендеймін. Алматы облысының білім басқармасы өткізген "Ең үздік арнайы пән оқытушысы - 2012" облыстық конкурсына қатысып гран-при жүлдесін алдым. Республикалық конкурска катысып, ұстаздар мерекесіне орай Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталдым. Осының бәрі еңбектің, коллективтің және студенттерімнің арқасында деп ойлаймын. Осы  марапаттар маған бір желпініс силады. Жаңа оқу жылын ерекше бір шабытпен бастадым. Енді әрдайым солай бола бергей. 

Не деген мақтаншақ деп ойлап отырған шығарсыздар). Кішкене болса да жаңалықтарыммен бөліссем дегем ғой) және осы ауылдың да жаңалықтарын білсем дегем. Көп жаңалық, өзгерістерден қалып қалған сияқтымын. Массагаттегі өзгерістермен бөлісерсіздер. Әйтпесе өзімді "бедный родственник" сияқты сезініп отырм)))))