Алғашқы жазба...

Алғашқы жазба...
жеке
блог

 Армысыздар, ауыл тұрғындары! Массагетпен бұрыннан таныспын. Көптен тіркелуді ойлап жүргенмін, бүгін ғана сәті түскендей. Қоныстандым ауылдарыңызға:)) Жаңадан келген тұрғынға білгендеріңізді үйретесіздер деп ойлаймын))

 Ал, өзім жайлы мәлімет келтірер болсам, дәл қазіргі уақытта Алматы қаласының тұрғынымын. Қыздар университетінде филология мамандығы бойынша білім алудамын. Студенттік қызық та, қиын өмірді бастағаныма 2 айдың жүзі енді болады. Қалаға үйренісе алмау, ауылға, үйге деген сағыныш... балғын балалық шақтың тәтті естеліктері... мұның бәрі көбіңіздің басыңыздан өткен болар... Сондай шақты мен де өткізудемін....

 Жалпы, осы. Болашақта әр түрлі тақырыптарда пікір алмасып тұрамыз деген ойдамын. Келесі тілдескенше, сау болыңыздар!))