Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Менің жаңалықтарым

Менің жаңалықтарым

Менің жаңалықтарым

Бүгін 18-і! Неге екенін күнтізбедегі осы санды жақсы көремін. Мүмкін дүниеге келген күнім, яғни туылған күнім осы сан болғандықтан болар. Әр айдың 18-і мен үшін бір өзінше ерекше. Сондықтан да бүгін жайдан-жай пост жазғым келіп кетті. Бұдан тура 1 ай бұрын МедиаНет мектебі, журналистика орталығында курс оқуды бастадым. Жаман емес, ойымнан шығып жатыр десем де болады. Күнделікті қайталанатын нәрселерден жалығып, өз өміріме сәл де болса жаңалық енгізгендей болдым. Журналистикада алатын орны бар мамандардан сабақ алып, жаңа таныстармен тәжірибе алмасқан ұнады. Өзім білмейтін нәрселерді ойыма түйіп, келешекте керек болып қалады деп ойлап жүрмін. Негізі "үйрену керек" деген нәрсе де көп. Ал мен ешнәрсеге үлгермей жүрген сияқтымын. "Өткенге өкінбе" дегендей өкініп отыруға да уақыт жоқ. Тек алға қарап, ал өткен күннің кейбір кездерінен өзіме біраз сабақ алып жүрмін.

Осы жылдың көктемінен бастап жан Әкем жаңа үй салуды бастаған. Өзінің қара күшімен,  інілерімнің көмегімен тұрғызды десем де болады. Ал Анам, сіңлім және Мен, тек қаржымен қамтамасыз етіп отырдық. Әрине тамақтарын да өзіміз істейміз кезек-кезек. Кейде жаңалық сұрағандарға "үй соғып жатырмыз" деп, өзім қара жұмысын істеп жүргендей айтамын. Күнде жұмыстан қайтқанда, үйге жақындағаннан бір өзгеріс іздеймін. Ал бірнәрсесінің біткенін көрсем, кәдімгідей көз қуаныш. Құдай қаласа, сол үйге жақында кіреміз. Осы өткен демалыс күндері соның жаңа есік, терезесін жуып-сүртумен, батарейкаларын сырлаумен уақыт өтті. Қатты шаршадым, бірақ жанға жағымды. Бір істің біткеніне өзіме ырза болдым.

 

Қой, менің сабаққа баратын уақытым болып қапты... Мен кеттім. Жақсы жаңалықтармен қауышқанша!!!

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 18 қазан 2012, 18:11
Тегтер: Өзімнің жаңалықтарыммен бөлісу, өзгеріс, жаңа үй, Назерке.

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.