Иммануил Кант

Иммануил Кант
жеке
блог

 

Осыдан   200 жыл  бұрын атақты философ Иммануил Кант  айтыпты деген сөз бар. «Мені ұдайы рухани серпіңлтіп, жанымды жаңартып тұратын екі нәрсе бар. Мен дәл осы екі нәрсеге өте көп ойланып, ақылды тазартам». Көне заманнан бері адамдар аспандағы жұлдыздарға қарап, оының мәні мен мағынасын ұғуға тырысып баққан. Кез келген адам қара аспанда әдемі суреттермен өрнектелеп, тастай тәртіппен жылжып жүрген от жұлдыздарды көргенде еріксіз тұңғиық ойдың құшағына кетеді. Кім жаратты? Бұл жұлдыздар қайдан шықты.? Неге олар жанып жүр? Бей берекет шашылып кетпей белгілі бейнелер мен суреттерді қайдан тауып алды? Басында миы бар, жүрегінде битей болсын сәулесі бар адамның бәрі осы қызықтарға құмартып, оның шыққан түпкі себебін білуге тырысады. Орта ғасырда линза жасап, телескоппен жұлдыздарды жақындатып көру мүмкін болғанда Коперник, Кеплер, Галилейлер неше түрлі қызықтарды көріп таң қалған. Амал нешік, ол заманда шіркеу надандықтан шіріп жатыр еді. «Жер күнді айналады» деген сауатты ғалымдарды тұтқындап, соттап, болып жатса отқа да жаға салатын. Адамның ақиқатты танысам деген құштарлығын қоя берсеңізші. Ай жұлдыздың айналу ақиқатын айту жолында да бастарын құрбаныдыққа шалып, талай ғұлама шіркеудің үкімімен өртеніп кетті.