Қала аңыздары

Қала аңыздары
жеке
блог

"Қала аңыздарының" әр топтамасы біз күнде кездестіретін жеке кейіпкерлерге арналған: студенттер, МАИ қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, жасөспірімдер, отбасылық жұптар, қыздар, жұлдыздар және т.б. Олардың әрқайсысы аңызға айналдыратын, өмірдің қызықты және мұңды жағдайларымен кездесіп отырады. Телетоптама өзін аңызға айналған қаһарман ретінде көрсетіп, соның ойы мен қылықтарын толық түсіндіретін әңгімеші тарабынан көрсетіледі.
Идеяның авторлары, отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары - Дәуіт Шайхисламов пен Сәбит Рахимбаев. Олардың айтуларынша, «Қала аңыздары» - мүлде біртума қазақстандық өнім.
- Қала тұрғындары туралы шынайы аңыздар жиынтығы, - дейді Сәбит Рахимбаев. – Мысалы, бірінші топтамада несие алып, бірақ оны төлей алмаған адам жайлы. Осы күнде төрт топтама түсіріліп қойды.
Көрермендер теленовеллада жаңа кейіпкерлер мен шақырылған жұлдыздарды көре алады. Солардың ішінде X-factor жобасының қатысушысы Дария Акпарова, әнші Анель Аринова, Нұрлан Қоянбаев және тағы басқалар. 16 миллионнан астам халқы бар Қазақстанның әрбір адамы туралы аңыз құруға болады. Жаңа жобаның режиссері Ақан Мұсақұлов. Продюсерлердің айтуларынша, олардың ойлары сәйкес келді және ол олардың ойларын экранға шығара алды. Сондықтан, жоба тек қана жастарға ғана емес, ересектердің де көңілдерінен шығады деп сенеді.

Творчестволық топ жаңа өнімге ғашық, сондықтан оны сапалы етуге тырысады: түні бойы монтажда отырып, кішкентай қателіктерді жөндейді, сапасын көтереді. Түсірілім алаңында
қызықты сәттер де кездеседі.
- Мысалы, біз автокөлік алуды армандап, маршруткамен жүрген адам туралы түсіргенде, соңғы аялдамадан барахолкаға дейін түсірдік. Адамдар таң қалды, бірақ біз оларға түсірілім екенін түсіндірдік. Ал, негізі ол жерде де актерлер ойнап, маршрутканы жалға алуымыз керек болған- дейді Сәбит Рахимбаев. Творчестволық адамдардың бәріндей, әзіл-оспақ жобалардың шығарушыларында да шабыттың сарқылатын кезі болады. Осындай кезде көңілді басқаға аударған жөн - футбол ойнап, суда жүзіп. Cәбиттің айтуынша, кейде тіпті апталап ойға ештеңе келмейді, содан кейін біреуден бірдеңе естіп қалып, жақсы ойлар келе бастайды.
Болашаққа деген жоспарлары туралы айтқанда, еліміздің үздік әзілшілерінің бірі жетістікке деген сенімділігін білдіреді:
- Қазір бірінші шығарылымды көрсеткеннен кейін, көрермендер бізді көріп, басқа арналарға қосылмауды жібермеу үшін, бағдарламаның сапасын жақсарта түсеміз. Сондықтан да, бәрі жақсы болатынына сенімдіміз.

15 қазаннан бастап, дүйсенбі- бейсенбі күндері сағат 19:30да!