Массаған!!! Ер адам жүкті болып қалыпты!

Массаған!!! Ер адам жүкті болып қалыпты!
жеке
блог

Ескелді ауданының Орталық ауруханасының дәрігері Марал Қабдешова ер адамды дәрігерлік тексеруден өткізгенде, медициналық анықтама қағазында түрлі аурулармен қатар "іші жүктіліктің әсерінен үлкейген" деп көрсеткен. Ойында ештеңесі жоқ ер адам өзі қызмет ететін фирмаға анықтама қағазды әкеліп берген.

Ұйымның медбикесі "дәрігерлік құпияны" сақтауды жөн көрмей, әріптесінің "жүктілігін" барлығына жария етеді. Келесі күні ер адам танымал тұлғаға айналады: жергілікті газетте "Қарабұлақ түгелдей Сидоровтың босануын күтіп жүр, болашақ нәрестенің аты да таңдалып жатыр" деген материал жарық көреді.

Енді шыныменен де "қызықты жағдайға" тап болған ер адам газет арқылы аяқасты болған абыройын қайта қалпына келтірмек. Қазір ол басылымды, дәрігер Қабдешованы және өз фирмасының медбикесін сотқа бермек.

Ал дәрігер Марал Қабдешова өз кінәсін мойындап отыр. "Сол күні жүкті әйелдерге егу шарасын жүргізген едік. Соның салдарынан болуы керек, олардың ортсында ер адамды қабылдағанда шатысып кеттім", - дейді.

Орталық аудандық аурухана директорының орынбасары Елена Целишева да болған жәйттің мән-жайын жіті қадағалайтынына уәде берді. Бірақ аудандағы кадрлардың жетіспеушілігінен дәрігерді жіберген қателігі үшін жұмыстан шығармайтынын жеткізді.