№6. Қалыңдық күнделігі: Жасаудан аздаған үзінді

№6. Қалыңдық күнделігі: Жасаудан аздаған үзінді
жеке
блог

Жақын күнде қыздың жүгін апарған құдалыққа тап болдым. Сөзден гөрі суретпен көрген тиімді ғой деймін, рет-ретімен салайын:

1. Екі кілемі:

2.Сандығы, үй сыпырғышы (бұрынғылар қалақ анау мынау жасайтын еді ғой, қазіргілер пылесос бере салады)

3. Соңында мынандай боп үйіліп қалды ғой зат, көрпе, печка, микроволновка, ыдыс-аяғы және т.б. Мебель сыртта қалды үйге кірмей

4. Сонан кейін жиналған жұрт ашуға кірісті, мамасы мына жақта толқып қарап тұр. Уайым басым сияқты түрінде, все таки құдағидың басты көрсеткіші ғой

5.Құдағаи қоржын ашты, қоржында толған сырға, сақина, білезік тігіліп тасталған. Бір-бірден жиналған адамдар таратып алып жатыр.

6.Құдағи қоржыннан шыққан, құдалық дастарханы.

7.Дастархан мен бірге тойбастарда жасайды екен, төсек орын ашқан кісілер той бастап, тойбастарды бөліп алады.

8. Мынау көрпелері: Төбеге жетіп кетті, екі жерге бөліп жинады

9. Ыдыс-аяғы. 45 предмет.

10. Әр төсек-орынды ашқан кісіге тарататын орамалдары


Жалпы, көп болды дүние бәрін түсіріп үлгере алмай қалдым. Әр затын ашып, атап береді екен. Соңында құдағилар "5" деген баға алып, екі жақта қуанып тарқасты :).

Алдыңғы посттарды мына жақтан оқи аласыздар.