Рухани мақалдар.

Рухани мақалдар.
жеке
блог

 

Рухани мақалдар.

 

  1. Он ақылдыдан б.ір мейірімді адам артық.

 

  1. Шындық деген адамды

       Жаралар да тазалар,

        Өтірікке әйтеуір

        Ертелі-кеш жаза бар.

 

  1. Алдағаннан алданған тәуір.

Арың кірленбейді.


       4.  Тірлікте көргенге не жетсін,

           Бар болса бергенге не жетсін?

 

  1. Тәуір адам байыса,

Шапағатын ел көрер.

Жаман адам байыса, 

                Екі көзі шелденер.

 

  1. Бұрышсыз там жоқ,

Борышсыз жан жоқ.

 

  1. Ақылыңа сенсең де

Ақылдаса жүргейсің,

Жақсыларды жатсынбай,

Жақындаса жүргейсің.

 

  1. Шәкірттің жасына қарама, ықыласына қара.

 

  1. Жүрегінде мұз жатса,

Күлгеніне сенбегін,

Ізгілікті уағыздап,

Жүргеніне сенбегін.

 

10.                       Жүрегінде мұз жатса, аузынан жылы сөз күтпе.

 

  1. Тәнін жүдеткен салмағынан айрылар,

Жанын жүдеткен бар бағынан айрылар.

 

  1. Бақытты қылсаң өзгені, өз бағың да артады.

 

  1. Адамды күншіл қылатын – құштарлық пен іштарлық.

 

  1. Сөз тіл ұшынан емес, жүректен шықса ғанибет.

 

  1.  Жетектесе ұятың, жетегінде жүре бер.

 

  1. Ұят – ізгіліктің ұясы.

 

  1. Ұғымы жоқтың – жұғымы жоқ.

 

  1. Есті бала ұяттан қорқады,

Ессіз бала таяқтан қорқады.

 

  1. Жақсымен кеңесе жүрсең, дәрежең теңесе жүреді.

 

  1. Қазыналы кеуденің асылына не жетсін.

Құдай берген мінездің ашығына не жетсін.

 

  1. Әкемін деп қайтесің, тіліңді ұлың алмаса.

Адаммын деп қайтесің, жүректе жылу қалмаса.

 

  1. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар,

Жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар.

 

  1. Дәмділігін жаңғақтың дәнегінен байқарсың.

Ықыласын жақсының сәлемінен байқарсың.

 

  1. Қадірім бар деп сұраншақ болма,

Қайратым бар деп ұрыншақ болма.

 

  1. Аттың бағына иесі ортақ,

Ердің бағына әйелі ортақ.

 

  1. Жақсыға жағынба, сағын.

 

  1. Жұдырығы қаттыдан, жүрегі қатты жаман.

 

  1. Ер болсаң, нәпсіңді жең.

 

  1. Көздің тазалығын кірпік сақтаса,

Жүректің тазалығын ұят сақтайды.

 

  1. Ниеті тәуір жігіттің жүрісінде мін болмас,

Айтқанында зіл болмас, көңілінде кір болмас.

 

  1. Астан кедей қылса да, бастан кедей қылмасын.

 

  1. Көкірегі көр болса, екі көзден пайда кем.

Жетесінде жоқ болса, айтқан сөзден пайда кем.

 

  1. Есер қатігез болса, өзінің соры.

Есті қатыгез болса, елінің соры.

 

  1. Жігіттің де жігітін, ниетінен байқаңдар.

Ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.

 

  1. Кешіргеннің жүрегінен жүк түсер.

 

  1. Іші таза болмаса, ісі таза болмайды.

Құнты пейлі түзелмей, кісі таза болмайды.

 

  1. Ізгі іске қадам басарда, көп ойланып қасарма.

 

  1. Қарт болуға бала кезден дайындал.

 

  1. Тонын айналдырсаң жүні шығады,

       Ішін айналдырсаң жыны шығады,

        Әйтеуір айналдыра берсең,

        Періштенің де міні шығады.

 

  1. Ықыласты шәкіртке дәрістің ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

 

  1. Ақтала сөйлесе, ақ болмағаны.

Мақтана сөйлесе, пәк болмағаны.

 

  1. Есті білімін көтереді, надан көкірегін көтереді, ақымақ тұмсығын көтереді.

 

  1. Салғырт болды дегенше, мәңгүрт болды десеңші.

 

  1. Мазақтағың келмесе, ақымақты сөйлетпе.

Азаптағың келмесе, ұялшақты терлетпе.

 

  1. Достың қатесін тізгенше, тәуір қасиетін ізде.

 

  1. Ұрының да ұстазы бар бағынар,

Жақсы ұстазға жолыққанның бағы бар.

 

  1. Ұстазды пірдей көр,

Ата-анаңмен бірдей көр.

 

  1. Адам кейде азаптан ғибрат алады,

Рахаттан зақымданады.

 

  1. Шүкір қылған адамның

Төрт жағы да – құбыла,

Айналасы – шұғыла.

 

  1. Есті сыр түйіп отырады,

Ессіз шыртиып отырады.

 

  1. Жек көргенді жек көрсең,

Жүректі зіл басады.

Жек көргенді жақсы көр,

Көңіл кірін ашады.

 

  1. Ең алдымен нәпсі қуды жүгенде,

Содан кейін бар-жоғыңды түгенде.

 

  1. Қолы ашықтың, жолы ашық.

 

  1. Жүрегі таза болса адамның,

Періштеден айырмасы болмас еді.

 

  1. Өзгенің мінін көргенше, жамандығын тергенше,

Өз бойыңды тазалап, өз ойыңды мазалап,

Өзіңмен алыс өлгенше.

 

  1. Қанағаты жоқтан ар-ұят іздеме.

 

  1. Байқамаса жүрек те кірленеді,

Кірленсе қара тастай түрге енеді.

 

  1. Кісіге жапқан шапаның өз жаныңды да жылытады.

 

  1. Көңіліңнің кетігі

Шүкірлік қылсаң бітелер,

                Ал шүкірлік қылмасаң,

                Жан азабын күте бер.

 

  1. Өзімшілдің де өз несібесі бар,

Бірақ өрісі тар.

 

  1. Көкірегі көр болып,

Ақылдан бал тамбаса,

Парасаты кем болып,

Лауазымы алдаса,

Ол кісілік далбаса.

 

  1. Күпірлік қылсаң,

Иығыңды зіл басар.

Шүкірлік қылсаң,

Көкірегіңнен жын қашар.

 

  1. Жаман-жаман ой келсе,

Жау көргендей қуала.

 

  1. Қарыздың ең ауыры да,

Ең үлкені де – уәде.

 

  1. Әділеттілік – парасатпен қоса

Үлкен ерлікті де қажет етеді.

 

  1. Өтер күн өтіп,

Келер күн келер.

Қалады бірақ,

Жүректе бедер.

 

  1. Көлеңкеңнен ғибрат ал,

Күн көтерілген сайын ол кішірейе түседі.

 

  1. Арқар қуған,

Жарды ойламай               ды.

Пайда қуған,

Арды ойламайды.

 

  1. Ойсыз жүрген,

Мұңсыз жүрмейді.

Мұңсыз жүрген,

Жынсыз жүрмейді.

 

  1. Жуас деген аттың да

Үркетіні болады.

Момынды да сайтанның

Түртетіні болады.

 

  1. Әр кезіккен ерден,

Әр жер, әр елден,

Аққан су, өскен желден,

Айдын көл, асқар белден,

Күніне ғибрат ал.

 

  1. Сайтанмен жолдас болма,

Дәміңді татып та кетеді,

Үйіңде жатып та кетеді,

Бәлеге шатып та кетеді,

Тар жерде сатып та кетеді.

 

  1. Шөлде туған бақаның,

Шалшықтан өзге көлі жоқ.

Қатігездеу баланың,

Ағайын, туған, елі жоқ.

 

  1. Түсініп тұрса нықтай берме,

Қорқып тұрса жұдырықтай берме.

 

  1. Неге жақындап барасың,

Неден ұзап барасың –

Шамалай жүр арасын.

 

  1. Қыз баланың қымбаты мен қимасы – ұяты мен ибасы.

 

  1. Әдепсіз әйелдің қолында әдепті қыз өспейді.

 

93. Өктем айтқан жалғыз сөз кідіртіп те қояды, жүгіртіп те қояды.