жеке
блог

Шәй суып қалатындай уақыттағы әңгіме

Құрбым біледі-ей шөлдеп отырғанымды. Шәй ұсынды)

Осы бір кіп-кішкентай қыздың (өзімді айтам) ішін өртеп жатқан не екен? Өмірден шаршадым деуден ұялады... Өйткені ол әлі өмір сүрген жоқ! Түкті де көрген жоқ! Аздаған қиындықты азап деп ұғады бұл қыз! Ақымақ! Әлі де алдыдан шығып аяқты шалар, алды-артын жалмар жамандықтардың кезігерін де білмейтіндей ғой. 


Не деп кеттім? Жоқ, мұндай көңілсіз жазба жазғым келмейді! Енді не жазсам? Жазуға міндетті де емеспін ғой. Бірақ соңғы кездері басымнан айналшықтап шықпай қойған ойлар жазбасыма қояр емес. Ойпырмай, құдды жазушылар ұқсап қиналып жүргендей айттым-ау! Жоға, өзімнің анда-санда жазба жазғым кеп тұрады. 


Ауылға кетем-ау жақында! Жоқ, кетем-ау емес, кетем! Мына бір рубежка апталығы бітсінші, кетіп қалмасам. Биыл сіңілім оқушы боп мектепке барып жүр. Соның томпаңдап сөмке асылып сабаққа асығып жүрген түрін көруге асығып жүрмін мен. "Мама, сағат бір болды ма?" деп алып-ұшып жүреді дейді күн сайын. Өзі бір бітпейтін тақпақ жаттап апты. Өткенде бір хабарласқанымда ұзаааақ бір өлеңді бастап кетті. "Әй, единица бітті" деп әрең тоқтатып алдым өзін) Әйтеуір әзірше сабаққа деген ынтасы "ұрып тұр" ғой. Тіфә, тіфә!

Апамның жетпіс жылдығы! Осы қуанышты бала-шағалары боп атап өтпекпіз! Менің Жаскешуім сағынды ғой еркесін әбден. Тауына шығып, Арыстың ағынымен ақсам ғой шіркін алаңсыз! 

Алматы, сен осы "туған жеріңе бір барып кел" деп айтуды білмейсің, ә? Келгеннің бәріне бақыт үлестіріп бермесең де бауырыңа тығылатыны несі? Жоқ, қала туралы пәлен деуге де миым жетпейді екен! Алматы, саған менің өкпем жоқ!


Биылғы күз былтырғыдан мүлде өзгеше! Былтыр қала көшелерін мұң екеуміз бірге қол ұстасып ап аралап шығатынбыз. Жоқ, биыл олай емес. Кешір, мұң, мен сенен адамын қазір. Сары күз маған сары жігіттің махаббатын сыйлағандай. Сары уайымға салынбай жүргенім де сондықтан шығар, сірә. Бірақ сары сағыныштың самалы да есуін тоқтатқан жоқ.

Мынау не қуып кетті деп мені сөкпеңіздерші. Массагетке кеп еркелеп алғым келеді менің! Массагетті ашып ап әбден ақтарылғым келеді менің. Осында біреу жұбататындай, біреу басымнан сипайтындай!

Ойымдағылар осы ғана емес ед. Жаза берсем көөөп қой. Тек "осындайды да жазып, блогтың құнын түсіре бермеңдерші" деген сөз естіп қалам ба деп жалтақтап отырғаным) 

Онлайн-күнделік дейді ғой блогты. Күнделігім болса да осылай ақтарылушы ем. Тек, блог, сен күнделікті қызғанатын шығарсың) 

Біттім...

Шәй да суып қалыпты...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі