Сезіммен арпалыс

Сезіммен арпалыс
жеке
блог

Ғашықтық... Ғашықтық пен махаббаттың арасында қаншалықты айырмашылық бар?! Екеуі бір сезім сияқты, бірақ ұғымдары екі түрлі. Осыны түсінгім-ақ келеді...

Мен бір адамды қатты ұнатамын, тіпті оны жете танымасам да, оның мінезі, адами қасиеттері туралы білмесем де... Мүмкін жәй әуестік шығар?! Мүмкін ғашықтық?!

Бұдан ары ішімде сақтап жүре алмайтын сияқтымын, айтқым келеді, тіпті айқайлағым келеді. Бірақ қалай айтам? Қалай білдірсем болады? Оны ұнататынымды, оның менің жарым болғанын қалайтынымды... Мен оны танығаныммен, ол мені танымайды ғой. Одан бөлек, жігітке сезімін алғашқы болып білдіру қазақ қызына тән қылық па?