Эмоциялық травма алу! Өмірде болған....
блог
Асел мен Самат 15 жылдан артық дос болып келді. Олар бір университетте, бірақ басқа мамандықтарда оқып, бір-біріне сыйластықпен қарады. Әрбір кездескен сайын қал-жағдайларын сұрасып, неше түрлі әңгімелерді қозғайтын-ды. Тіпті жаңа-жылда сыйлықтармен алмасып, сол қуанышты сәтті ата-аналарымен бірге керемет өткізген болатын.
Самат Аселге көмек істеуден еш аянып қалған емес. Қайдан көрсең сол қыздың асты-үстіне түсіп жүретін. Соңғы рет Аселге сабақтан тыс қосымша жұмыс тауып берген де сол болатын. Соның нәтижесінде Асел жалақсы жоғары жұмысқа орналасып, қаржы жағынан еш қиындық көрмей өмір сүре бастады.
Қанша ма рет Самат өз жұмысын ысырып қойып, Аселге көмек беруден жалықпайтын. Самат мұнда тұрған ештеңе жоқ, керісінше Құдайдың сауабын алып жатырмын деп ойлайтын. Өйткені ол жақсы адам болды, ал дос болғаннан кейін осылай істеуім керек және егер мен де бір қиын жағдайға түсіп қалсам, Асел де маған міндетті түрде қол ұшын созатынына кәміл, шын көңілімен сенетін-ді.
Міне бір күні Саматқа тез арада Аселдің көмегі аса қажет болды. Саматқа шұғыл түрде саясаттану сабағынан кітап қажет болды, Аселде ол кітаптің бар екенін білген ол, одан бір күнге сұрайды, сол кезде Асел кітапты бере алмайтынын айтады. Тағы бір күні Саматқа тез арада белгілі бір себеппен ақша қажет болады. Енді Аселдің жалақысы жоғары жұмыста істейтінін біліп, одан қарызға ақша бере тұруын сұрайды, бұл жолы да Асел бір сылтау тауып құтылып кетеді. Бұдан басқа көптеген жағдайларда Самат сол қыздан көмек сұраса, Асел жақтырмайтын қылық көрсетіп, қабаған түйіп, әйтеуір түрінен Саматтан қашу амалы көрініп тұратын.
Самат Аселге жұмыс тауып берді, бірге жүргенде басқа да көп-көп қаншама көмек көрсетті, ал Асел оған жауап ретінде көмекке көмек көрсетудің орнына, эгоист болып шықты. Міне, Саматқа Аселмен болған қарым-қатынас осылай эмоциялық травмаға айналды.
Шын мәнінде мұндай қыздар арамызда бар, яғни жігітті өз мақсаты үшін қолданатын, сондықтан жігіттер АБАЙ болыңыздар дегім келеді!!!
П.С: Ол осыдан кейін қыздарға қалай сенесің? Менікі тек қоғамға ой тастау ғана, қалғанын өздеріңіз ойланып-толғанып, талқылап аласыздар!!!