Бал әнім !!!!!!!

Бал әнім !!!!!!!
жеке
блог

  Қазақ эстрадасының көшін бастап, мыңдаған тыңдармандарды әсем әндерімен әлдилеп жүрген «МузАрт» ансамблінің мүшесі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Сакен Майғазиевтің алғашқы жеке әнжинағы жарыққа шықты. Тыңдармандарын ұзақ күттірген Сакен мырза әнжинағын «Бал  әнім» деп атағанды жөн көріпті. «Асыл ана», «Арайлым», «Достарым», «Жаңбырлы кеш», «Әкешім» сияқты таңдаулы 18 әні енген бұл әнжинақтың атына заты сай екеніне күмәніміз жоқ. Сонымен қатар Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, АРАЙ тобы, МЕЛОМЕН тобымен бірге дуэт орындаған әндері бар. Сегіз қырлы бір сырлы әншінің бал әндерін тыңдағыңыз келсе Меломен сауда жүйесіне асығыңыздар.