Деректі фильм: дерек пен дәйектің озық үлгісі

Деректі фильм: дерек пен дәйектің озық үлгісі
жеке
блог

Деректі фильм – шынайы өмірге негізделген оқиғалар желісінде, фактілерді сөйлету арқылы құбылыстарды бейнелейтін кино өнері. Кино тарихында деректі фильмнің орны бөлек. Бұның тарихы 1860 жылдардан бастау алады. Көптеген деректі фильмдер шынайы түсірілгендіктен көрермендерге ерекше әсер етіп, жүрегінен орын ала алады. Солардың ішінде топ 3 деректі фильмді ұсына аламын. Бұл фильмдер әрбір көрерменнің санасына ой салып, өмірге деген құлшынысы мен шүкіршілгін арттырары анық. Біріншісі “Соль земли” деп аталатын деректі фильм. Бұл фильм бразилиялық фотожурналист Себастьян Сальгадо туралы. Ол әлем бойынша саяхат жасап, адам өмірінің қалай өзгеріп жатқанын бақылайды. Ол біздің тарихымыздың куәгері болды. Аштық, соғыс, миграция дейтін дүниелерді көрді. Адам аяғы баспаған жерлерге барып, жабайы табиғатты зерттеумен айналысты. Себастьян Сальгадо мен түсірілім тобы Амазон жері, Батыс Паула джунглиі мен Солтүстік мұзды мұхитқа сапар шекті . Бұл деректі фильмде оның аштық кезінде, соғыс жылдарында түсірілген суреттері көрсетіліп анықтама беріледі. Сонымен қатар, атап айтқан жерлердегі аң жануарларды және жабайы табиғаттың сұлулығы мен сырын аша білген фотожурналист екенін айтып өтуге болады. Бұл деректі фильмді көрген адам керемет әсер алады деп анық айта аламын және көруге кеңес беремін. Келесі деректі фильм, “Разрушение Хирасимы и Нагасаки” деп аталады.2007 жылы жарық көрген. Продюссері мен режиссері Стивен Аказаки. Деректі фильм аты айтып тұрғандай, Жапонияда болған атом жарылысынан ақпарат береді. 1945 жылы 6 тамыз күні АҚШ Жапония еліне атом бомбасын лақтырады. Салдарынан 140 мың адам атомбомбасынан жапа шегеді. Бұл деректі фильмде жарылысты өз көзімен көріп, апаттан аман қалған жандар өзінің бастан кешкен қиыншылықтарынбөлісу арқылы, көрермендердің эмоциясына әсер ете алды деп ойлаймын. Архив кадрларды пайдалану, апат кезіндегі Хирасима мен апаттан кейінгі яғни, қазіргі Хирасима қаласын салыстыру деректі фильмді көркейте түседі.Фильм басында жастардан сұхбат алынып,олардың 1945 жылғы оқиғадан  бейхабар екендігін байқауымызға болады. Себебі бұл жарылыстан соң, жапон халқының демографиялық жағдайы төмендеді. Халықтың 75пайызы тек қана 1945 жылдан кейін  дүние есігін аша бастаған. Сынақтың кесірінен талай адам опат болды, бүтін бір қала қирап, экологиялық апатқа ұшырады. Көп уақыт өтсе де, бұл атом бомбасының зардабын әлі де тартып келе жатқан жандар бар. Фильмді жайбарақат көру мүмкін емес. Әрбір кадр сол бір зіл-заладан тіл қатады. Сол кезге тап болғандай әсер қалдырады. Үшінші деректі фильм “Жоқтау” деп аталады.

Деректі фильм қазақ кинематографистердің бастауымен түсірілген, Кеңестік кездегі фильмдердің бірі. 1989 жылы жарыққа шыққан.. “Жоқтау” Арал теңізінің проблемасын көтереді. Арал теңізі мүлдем тартылып, адам танымастай өзгергендігін, экологияға ғана емес, сол жердің тұрғындарының денсаулығына да кері әсер етіп жатқандығынан хабар береді. Жалпы идеясы жас баланың өмірден озғандағы кадрларымен, Арал теңізінің тартылғандығын көрсету арқылы бір тағдырды бейнелейді. Себебі екеуі де экологиялық апаттың құрбандары. Сол нәрсені басты назарға алғандықтан, деректі фильмнің шынайы шығуына сеп болды деп есептеймін.

Қорытындылай келе, үш деректі фильм үш түрлі болғанымен, басты ұқсастықтары қарапайым халықтың әртүрлі апаттардан зардап шегуі, экологияның бұзылуы секілді дүниелерді бейнелейді. Апат айтып келмейді. Сол себептен де, әр адам осындай жағдайларға дайын болуы керек. Мысалы, жақында болған Алматы қаласындағы жер сілкінісін де апаттық жағдайға жатқыза аламыз. Тұрғындардың зәресін алып, адамдар үйлеріне кіруге сескеніп қалды. Осы зілден кейін мұндай жағдайларға қаншалықты дайын екенімізді көрдік. Жер сілкінісі жоғары балл болғанда, талай адам жапа шегуі мүмкін еді. Жалпы діни тұрғыдан, мұндай зіл-залалардың жиі болуы, адамдардың ниетінің бұзылғанынан, жер бетінде күнәларлың көбеюінен деп жатады. Шынымен де, қазір адамдарда бәрі бар, кейде пенделікке салынып, құдайлың бар екенін ұмытып кететін кездерде болады. Сол себептен әрдайым күпірлік қылмай, шүкірлік етіп, қолда бар алттынның қадірін білейік дегім келеді. Сонда ғана, жер бетінде адамдар бақытты әрі ұзақ ғұмыр кешеді.

                                                                 Автор: Айтмолданова Аружан

                                                       Жетекші: Н.Б Рушанова, аға оқытушы