Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Массагеттіктер "Шалға" бардық

Массагеттіктер "Шалға" бардық

Массагеттіктер

Ойда-жоқта болды бәрі. "Шалға" барғанымызды айтам. Ардақ "Шал" шау тартпай шығыпты деп сүйіншілеп түскі ас кезінде киноның нақышын келтіріп айтып отырған. Мен киноның соңы не болды деп қыңқылдағаныммен, Анара "көрген кезде қызық болмай қалады, одан да бәріміз барып көрейік" деп одан әрі қызықтыра түсті. Сөйтіп, Массагеттің жаңарған командасы буынып-түйініп "Арманға" беттедік. 


Тұсаукесер деген. Адам аяғы аз секілді. Кинотеатр біздің иелігімізде :) Қалаған орныңды таңда да, отыра бер ) Бір жағынан өкінішті-ақ...

Бәрібір көңілдіміз. Керісінше, киноға бармай отырғандар осыншама әсерге бөлене алмай қалғандары үшін өкінулері керек ;)

Стоп! "Шал" басталды...

Жарнамасы аз демесең, нағыз қазақтың жаны бар көркем фильм екен. Кинодан өзімді көргендей болып, балалық шағым елестеді, қазақилық тұнған туған ауылымның түтіні көз алдымда көлбеңдеді...

Табиғат тағылары - азулы арландарға деген ыстық сүйіспешілік бүр жарып жатты кеуделерде. Көзге жас тамшылары үйіріліп, адамзаттың қатыгездігі үшін кімді кінәларымызды білмей дал болдық. Өзі айтпақшы, ауылдан ұзап шықпаған көкірек көзі қараңғы осы бір титімдей шалдың алдында өмірдің мәнін ұқтырғаны үшін еріксіз кішірейіп, бас иеді екенсің...

Жасыратыны жоқ, жылап шықтық... 

Солдан оңға қарай: Қайсар, қызы Рауа, Айгерім, Анара, мен, Ардақ, Сания, Фараби, Уалихан

Міне, осылай : )

1886 17
Рейтинг: +8

Жазылған уақыты: 12 қазан 2012, 11:41
Тегтер: "Шал" кинофильмі, "Шал", Шал, "Шал" фильмі, "Шал" киносы, Массагеткз
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 11:53

Кызыгып кеттiмгой. Интернетке шыкса екен тезiрек! Айтпесе,бiзде кинотеатр(театр да жок)дегендер жокгой,бул фильмдi карайтын. :cry:

+0
12 қазан 2012, 11:56

маладестер! ризамын сендерге ;)

+0
12 қазан 2012, 12:00

соңғы суретте Қайсардың қолы қайда кеткен?! :shock:

+0
12 қазан 2012, 12:11

Өншең "мүгедектер" бас қосыпты ғой :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
12 қазан 2012, 12:07

менің сүйріктей саусақтарыма қара, мә, қыздың қолынан бетер бов тұр ғой :mrgreen:

+0
12 қазан 2012, 12:10

бізден дені дұрыс фотограф шықпайды екен)

+0
12 қазан 2012, 12:10

Қайсарды бұдан кейін ШАЛ дейміз енді :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
12 қазан 2012, 12:13

Жігіттер, сендер жылағандарыңды білдіртпейін деп бізден ерте шығып кеттіңдер ме? :mrgreen:

+0
12 қазан 2012, 12:14

Күні кеше гана Ермек Тұрсыновты жерден алып жерге салған қауым енді не дер екен. Әй, бірақ, "қазаққа би мен сұлтан жақпайды" демекші, сындаймын, сынаймын десе қылт еткен жерінен қырық жамау мін табар. "Жау жүрек мың бала" ше? кино тану тұрысынан айтқанда қаншама ақша бөлінсе де "Шалдың" маңғарасын көре алмайды деп есептеймін. ал енді дауласыңдар!

+0
12 қазан 2012, 12:17

айхой! Дауласыңдар енді! :)))))))

+0
12 қазан 2012, 12:16

Жарайсыңдар! Ал біз Болатбек, Сәкен және Мен бұл киноны көктемде (мамыр айында) тамашалап қойғанбыз. Жабық көрсетілімнен актерлер, режиссерлармен отырып көрдік. Күшті әсер алдық.

+0
12 қазан 2012, 12:25

өте керемет фильм деп жатыр ғ,ой, жарайсыңдар

+0
12 қазан 2012, 12:34

Уау, күшті екен) Неге мені де шгақырмайсыңдар?)))))

+0
12 қазан 2012, 12:37

Негізі бейсенбі күні кешке жиналыс болатын. Сол жиналыс болмай қалып, аяқ-асты жиналдық та шығып кеттік. Сағат 18:00-ден асқан кез. Сен уже агентте болмадың. :)

+0
12 қазан 2012, 12:55

Мәәә! Көру керек екен! :geek: Мейіргүл шын айтты ма? әлде өтірік айтты ма, білмедім, бірақ қызықтырып жазыпты! Барып көрем, алдын ала айтып кояйын, егер қызық болса Микаға РАХМЕТ! Ал егер қызық болмаса..... :roll:

+0
12 қазан 2012, 20:20

Өте жақсы кино екен, барлықтарыңызға баруға кеңес берер едім... Ескі күндерім еске түсіп, көңілім босап қайтты.

+0
12 қазан 2012, 21:58

мяя күшті)) біз де үй ішімізбен баратын болып шештік! суреттер керемет)!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев