Бір оқпен бірнеше қоян атайын)))

Бір оқпен бірнеше қоян атайын)))
жеке
блог

Міне бүгін қазанның 11і ертең 12сі, уақыт деген қалай тоқтаусыз зырлауда. Осы ауылға келіп тіркеліп тұрғаныма үшінші мезгіл өтіп барады.Көктем өтіп,жазда жылжып кетіп, күзде кетіп барады. Осы ауылдан көптеген жаңа таныстар, достар таптым. Сол жақын танысқан жандарымның бірі Айконаның туған күні екен, ертең. Мен келіп тіркелгенде "Бір сәт әңгміе" деген атпен жүрген,оның пікірлерімен  жазу стильімен және көптен кездеспейтін атымен бірден көзге түсті. Жақын танысып араласа келе оның өзіндік ерекшеліктерін байқадым, онымен әңгімелесіп отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласың, қандай тақырып болсада әңгімелесе алатын ерекшелігмен, биязы үнімен, жылы жүзімен, еркелей күлген күлкісімен қандай адамды да баурап алатын ерекше қасиеттерді бойына сіңірген ЖАН. Сенімен танысқаныма қуаныштымын-Айкона. Бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын.бір уақыт клавиатураны демалтып, ақ қағазға тілек жазайын.

Айпақшы ұмытып кетіппін, алпен голдыңызбен бақытты да ұзақ ғұмыр сүріңіз.

Адам баласының бірін-бірі мерейлі, мерекелі күндерімен құттықтау көнеден келе жатқан дәстүр ғой, барлықтарыңыз білетін. Қазан айында дүние есігін ашып, туған күндерін тойлайтын осы ауылдың тұрғындары: Аймауыттың апайын; келінімді; аурухананың терапия бөлімінің медбикесін ұнатып, больницадан шықпай қойған інімді: мамасы мұғалім өзіде мұғалімдікті бітірген, болашақ тіл ғылымдарының докторын осы аты аталған жандарды туған күндерімен құттықтаймын.Туған күн деген кімге болса да қымбат күн ғо. Сол күні елдің бәрінен жылы сөз естіп , ақ тілек қабылдап жүректеріңізге жылу ұялатып, әр қашанда күлімдеп, қуанып тойлатыңыздар. Қазан айында тойланатын туған күн иеліріне жақсылық,мол бақыт, мөлдір махаббат тілеймін.Жалындаған сезімдер жалындай берсін!