Алғашқы махабатпен жылдардан соң кездескенде...

Алғашқы махабатпен жылдардан соң кездескенде...
жеке
блог

Сіз шын сүйіп көрдіңіз бе? Алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме? Мен асылық айтқандай болмайын, бірақ шын сүйдім. Сүю бақытын, сағынышқа сарғайған мың сәтті төзіммен өткеруді үйреткен Оған алғыс айтамын.

Алғашқы махаббаттың қашан да орны бөлек. Иә, сіз мұндай бышылы көп әңгімені білесіз, естігіңіз де, оқығыңыз да келмейді. Турасына көшейік. Сіз Онымен бес, он, он бес... жылдан соң кездесіп қалдыңыз... Қайтесіз? Сізде (егер жүрегіңіз тастан жаралмаса) толқу мен қобалжу, өткенді еске алу, өкіну, қызығу секілді сезімдер болуы керек. Жер домалақ. Бақытыңызға орай, сіз онымен кездесесіз. Осы сәтте ешкім де сізге ақыл-кеңес айта алмайды. Сізді түсінбейтіндер де көбейе кететінін мен сеніммен айта аламын. Мүмкін «алғашқыңыздың» бұл кезде жары, одан баласы болатын да шығар. Осы тақырыпта сөз сөйлеп көрейік.

- Сіздердің орталарыңызда қандай дүниелер болмасын, бұл туралы сөз айтудан сақтаныңыз.

- Тереңге сүңгімей тұрып, сұрағыңызды ойдан екшеп алғаныңыз жөн. Жағдайы қалай екендігін білу сіз үшін жеткілікті. Ар-намысыңыздан аттап, өліп-өшіп көрісу артық. «Екеудің ортасына ес кеткен түседі» деген де бар. Ол екеудің бірі, әрине, сіз емес.

- Оның суреттерін сақтап жүргеніңізді, тіршілікте тәубені ұмытқан сәттерде оны еске алатыныңызды айтып, басын қатырмаңыз.

- Бақыт тілеңіз.

-         Балаларының әдемі болып өсіп келе жатқанын міндетті түрде айтыңыз.

- Ажырасу туралы ойы болса, сол арада ол ойынан қайтару сіздің адамгершілік борышыңыз. Баланың әкесіз немесе шешесіз өсу қасіреті сіздің «болмай қалған» романыңыздың өкінішінен де ауыр екенін мойындаңыз.

- Өзіңіздің жағдайды сұраса «Бәрі де жақсы» деуден артық сөз айтпаңыз.

- Жеке өміріңіздегі жағдайға, проблемаға оны араластырмаңыз.

- Жақсы дос болуға ұсыныс жасасаңыз ерлегеніңіз.

- Қимайтыныңызды айтып, оны да қинайтыныңызды біліп тұрсаңыз, бұл өте үлкен қателік.

- Жағдайы ауыр болса, әлеуметтік көмек көрсету көрегенділік.

- Әлеуметтік желілер арқылы таңнан кешке дейін сөйлесуге асықпаңыз.

Сіз оны сүюге құқыңыз жоқ. Өмір бір-ақ рет беріледі, рас. Бірақ сіз өз мүмкіндігіңізді мүлт жібердіңіз. Оны ойлап, өлең жазуға құқыңыз бар да шығар, ішкі әлеміне, отбасына араласуға қақыңыз жоқ. Дәл осы тұжырымды дұрыс деп таңдау – сіздің адамгершілігіңіздің барын дәлелдемек. «Мен сені сүйемін» деген сөзді айту оңай, ал осыны дәлелдеу үшін бір ғұмырыңызды арнайсыз.

P.S. Оны шын сүйген болсаңыз, оның жеке өміріне араласпай, бақыт тілеуіңіз керек.

 

"Көзіме көрінбесең көрінбе сен, 

Күнім боп тұра бергің көгімде сен!"