Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім

Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім

Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов — бұған дейін жалпы көпшілікке аса таныс емес тұлға. Алайда «Келін», «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «Қызғылт қоян туралы аңыз» секілді бірқатар туындыларда қосымша, эпизодтық рөлдерді сомдаған актер ұзақ жылдар бойы кино саласының отымен кіріп, күлімен шығып келеді.

Киностан порталы Ерболат Тоғызақовтың «Шал» фильмінен алған әсерлерін, ойларын сіздерге ұсынып отыр. 

* * *

Фильмнің финалында қасқырмен бетпе-бет келіп, тағының мені кешірген сыңайда қарап, кері бұрылып кететін жері бар. Бұл — режиссердің, монтаждаушылардың, оператордың үлкен еңбегі.

* * *

Түсірілім барысында мен сол қасқырға деген үлкен алғысты сезіндім. Әбден шаршаған болатынмын. Әрең дем алып, қалжырап жатқанда, өмір үшін күрес шегіне жеткенде қасқыр мені кешіреді.

* * *

Фильмді мен тек монтаж аяқталған соң барып көрдім. Шынымды айтсам, экрандағы шалды адам ретінде қатты аяп кеттім.

* * *

Алдымен каскадерлар трюктарды жасап отырды. Қасқырмен алысты, өзенге құлады, жардан секірді дегендей. Содан кейін барып мен қайталадым. Себебі бас кейіпкердің беті-әлпеті көрініп тұруы керек болатын.

Режиссер маған каскадерларсыз жұмыс істеуге рұқсат бермеді. Жандарбек Күнғожинов (каскадерлар тобының жетекшісі — Киностан) бастаған жас жігіттер көрсетеді, Ермек «Істей аласың ба?» деп сұрайды. «Істеймін» деймін мен. Себебі аналардың қолынан келіп жатыр ғой. Сөйтіп барлық трюктарды өзім жасап шықтым.

* * *

Түн ортасында айнала от жағып бас кейіпкердің қасқырлардан қорғанатын жері бар. Сол кезде қорқыныштылау болды. Алды-артыңда тағы жүгіріп жүр оның үстіне. Қасқыр деген көндіге қоймайтын хайуан ғой. Арнайы үйретушілер, снайперлер, қосымша көмекшілер бар, бірақ Құртқа тұқымының аяқ асты не істейтінін біле алмайсың.

* * *

Ермек мені шақырып алды да футболға қалай қарайтынымды, құмар ойындарға қалай екендігімді, тағы басқа дүниелерді сұрады. Сосын қалың мал алып жатқан әкенің рөлін сомдап берші деді. Мен қызын ұмытып кеткен, есіл-дерті барынша көбірек қалың мал алудағы адамды көрсеттім. Режиссерға ұнады.

* * *

«Келінде» мен ұлты белгісіз кейіпкер болып ойнадым. «Сталинге сыйлықта» дүнгеннің, «Қызғылт қоян туралы аңызда» өзбектің, ал Питер Уэйдің «Өткенге жол» туындысында ламаның бейнесін сомдадым. Сосын мен бірде-бір рет қазақ болып ойнамағанымды, болғым келетіндігін айттым.

* * *

Кастингке біршама актер қатысты. Көпшілігінің кәсіби дәрежесі менен жоғары болатын. Бірақ кейбірінің денсаулығы жарамады, кейбірінің жасы келмеді.

* * *

Түсірілім жұмыстары 2011 жылдың қысында Қаскелең маңында жүрді. Сол қыста өзенге құлап фильм түсірдік.

* * *

Кәсіби мамандармен жұмыс істеу қиын маған. Режиссер түсіндіреді, мен түсінгендей боламын, бірақ бәрібір көңілден шықпай қалудан қорқамын. Студенттермен жұмыс жасау оңай. Жалпы кез келген рөлден бас тартпаймын.

* * *

Жәнібек Талғаттың «Джокер» атты туындысы шығады. Ол жерде мен жас жігіттің проблемаларына көмектесетін қиял-ғажайып кейіпкерді ойнаймын.

* * *

Ең алғашқы көрермен — режиссер.

* * *

Негізі басты рөл марқұм Қасым Жәкібаевтікі болатын. Ермек негізгі кейіпкердің есімін сол кісінің құрметіне Сәрсенбайдан Қасым деп өзгертті. Менің де әкемнің аты — Қасым…

* * *

«Шал» менің өмірімде үлкен орын алады. Қасым — маған сеніп тапсырылған жалғыз рөл. «Қазақфильм» сенді, режиссер сенді. Көрерменге ұнаса болды, маған керегі сол.

Мақаланың түпнұсқасы: shal.kinostan.kz

733 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 11 қазан 2012, 01:58
Тегтер: шал, ерболат тоғызақов, ермек тұрсынов, келін, сталинге сыйлық, балалық шағымның аспаны, қызғылт қоян туралы аңыз, қазақфильм, қазақша кино, қазақ киносы
Пікірлер
+0
11 қазан 2012, 09:55

Көру керекпін бүгін, мақтауы өтіп барады)

+0
11 қазан 2012, 11:23

Актер үшін өте қуаныштымын. Тарихта қалатын туындылар қатарына кіреді деп сенемін.

+0
11 қазан 2012, 12:13

мен бұрын шығарып қойдым :)

+0
11 қазан 2012, 15:17

Осы актер атай сондай жақсы! Екінші пландағы рөлдің өзін керемет алып шығатын. "Шал" киносындағы рөл атамыз үшін лайықталып жазылғандай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев