Шетел жұлдыздарының қазақстандық сыңарлары

Шетел жұлдыздарының қазақстандық сыңарлары
жеке
блог

Күнделікті өмірде туыстық жақындықтары болмаса да, бет-пішіні бір-бірінен құйып қойғандай аумайтын жандарды кездестіретініміз заңдылық, деп жазады Нұр-Астанареспубликалық жастар апталығы.

Генетика ғылымының мамандары "үш қайнаса сорпасы қосылмайтын" жандардың ұқсастықтарына әлі күнге жауап таппай келеді. Тіпті, әрбір адамның "өз егізі" болады екен деген түсінік те жоқ емес. Ал, айна-қатесіз ұқсау өнер адамдарының арасында кездессе, түсініспеушілік тудырмай ма? Жоқ. Себебі, еліктеушіліктен бұрын бір-біріне ұқсас адамдар ұқсас мамандықтарды бек таңдауы мүмкін…
 

Леди Гага және Айжан Нұрмағанбетова

Өн бойынан глэм-рок, диско, электро, R&B, тіпті Мадонна мен Майкл Джексонның стилін табуға болатын әлемге танымал Леди Гага мен қазақстандық эстрада әншісі Айжан Нұрмағамбетова. Батыстық "жұлдызға" ұқсастығын Айжан таяуда "Екі жұлдыз" жобасының концертінде тағы бір мәрте дәлелдеді. Жазушы Дулат Исабеков Айжанға кітабын сыйлап тұрып: "Сен батыста дүниеге келгеніңде, бүкіл әлем танитын "жұлдызға" айналатын едің" деген екен…Альба және Руна

Жоғарыдағы суреттегі қос аруды бір көрген адам егіз деп ойлауы бек мүмкін. Алайда, тіптен олай емес. Бірі – мұхиттың ар жағында дүниеге келген сүйкімді келбетімен нәзік арудың бейнесін сомдайтын актриса әрі "көше биінің" шебері болса, екіншісі – Руна есімді қазақстандық орындаушы. "Жақсы адамдар бір-біріне тау секілді ұқсай береді" дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

Майкл Джексон және Айбек Байназаров

Өнерсүйер қауым оларды қатты ұқсатады… Нақтырақ айтқанда, ОНЫ… КТК ойындарында биі де, сыртқы келбеті де "поп-патшасынан" аумайтын Айбектің өнеріне тілекші жандар көп. Осындайда Абай хакімнің "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз" деген сөзі ойға оралады…
Рианна және Мақпал Исабекова
R&B, блюз, дэнсхолл, регги бағытымен танылып, жастардың сүйіктісіне айналып үлгерген жиырма үш жастағы әншіге ұқсағысы келетіндер көп. 2004 жылы "SuperStar KZ" байқауында жарқырай көрінген Мақпал Исабекованың да өнердегі өзіндік жолы айқын.
Одри Хепберн және Мәдина Садуақасова
 
Жаңа ғасыр басталғанда қазақ эстрадасына әуені бөлек әсем үнімен жалындаған махаббатты жырлай қосылған Мәдинаны британдық әрі америкалық актриса Одри Хепбёрнге ұқсататындар жетіп артылады. Сұлулықтың падишасымен қатар тұру бір ғанибет емес пе!