Хат жазғым келеді саған, ұзақ-ұзақ...

Хат жазғым келеді саған, ұзақ-ұзақ...
жеке
блог

Қашықтықты жеңеді тек, хат қана... 

Иә, саған ұзақ- ұзақ хат жазғым келеді... Таусылмайтын... 

Бірақ,... сол жазылған хаттарым менің сезімімді жеткізе ала ма екен?...  Саған деген жылылығымды, қамқорлығымды, сезімімді, мейірімімді дәл солай, мен сезінгендей сезіндіре ала ма?... 

Сен қиналған кезде, саған демеу бола ала ма?... 

Алыстасың, тым алыста... Қасыңда болып, қайраттандырып, саған деген сезімім арқылы саған сүйеніш болып, көңіліңді көтере алсам ғой... Саған сенетінімді, сені ардақтай алатынымды саған көрсете алсам ғой.... 

Сен жақта соққан ызғарлы желден таса болып қорғар ма еді, оның соқпауын тілеп өткен уақытты тездетер ме еді?... 

Саған алматының ашық күнін тілеп, мына жақта бір жүректің соғатынын ұмытпашы...