Тіл құдіреті

Тіл құдіреті
жеке
блог

іл құдіреті елдің намысын,елге деген махаббаты көрсететін басты қару.Тіл болмаса ел болмайды тілдің қадірін елден кетіп жол асқанда көресін деген халқым.Сондықтан тіл ел тағдырын шешетін жалғыз қару жапанда жалғыз қалғанша,жол шетінде жолаушы болып қалған дұрыс деп те айтуға болатындай.Тіл тағдыры ел тағдыры тіліміздің бастамасы ол өз қолымызда екенің естен шығармауымыз қажет. Осы тұста Өмірзақ Айтбайұлының кітап бетіне қалдырған сөздері көкейдегі ащы шыңдықтың бетін ашқандай болады.Ағамыздың айтуынша қазіргі кезде намысымыздың артқы тартылып бәсеңдеп кеткені жанды қинайды. Егер намысымыз тасқындап тұрса,жиырма жыл өтседе мейлі отыз жыл өтсін аманат қылып белесіміздің тұғырын ұстап тұрған ана тіліміздің өз тұғырына қонбауына жол берер медік.

Аты-жөніміздегі -ов,-ев,-ович,-евич деген жат қосымшалардан құтылмай жүрер медік,қазақы аты-жөніміздің орыс тілінің ережесіне сай түрліше бұрмалануына мүмкіндік берер ме едік,балаларымыздың орыс тілінде сайрап тұрған мектептерге өз қолымызбен жетелеп барар ма едік,орыс тілінде сайраған кейіпкерлерді тілі шықпаған бала қолына ұстатып көр деп айтар медік.Өзін өзі сыйлаған тілінің,елінің амандығын ойлаған әр мемілекет бұндайға ешқашан жол бермейді.Тіліміздің намысын көтеріп ер мінезді ер баланы,сыр мінезді қыздарымызды тілімізбен тәрбиелей алмасақ абыройымыз,арымыз қайда жатыр деп Өмірзақ атамыз көкірегін өртеген заман ырғағын айтты.Заман ырғағы жастарымыздың санасын барынша улап жатқандай.Тілімзден алшақта заманға кірсек,кейінгі бағытымыз не боларын ойлау қиын.“Мен жастарға сенемін”деген Мағжан Жұмабаев атамыздың сөзіне кір келтіргенмен тен болатындаймыз.

Ұлттық тілдің құндылығын жоғалту ел келешегі мен болашағы үшін ең үлкен қасел.Тілдің болмышы да болашағы да өз қолымызда. «Тілді тиек еткендей»демекші тіліміздің тамыры ата заманнаң қалыптасып өзінің екпінің құрып  келе жатыр.Әсем сөздер,керемет ойлар,таза ойлар.Тіліміздің сұлулығы қаншама ұлт өкілін таң қалдырғанын естен шығармаған жөн.Батыр-бабаларымыз қолдарына найза ұстап ұлтымыз үшін елеіміз,жеріміз деп жан беріскен.Тілімізді тірек етеміз,еркіңдікті ұран етеміз,ана тілімізде туып өскен жерімізде бұлбұлдай сайрап қалықтаймыз деген қыршынынаң қиылған жастарымыз да жетерлік.Тіліміздің шұбарлануы ұлтымызға төнген қауіп.Жау алыстан емес жақыннаң.Тілімізді шұбартып,балалықты балдайлатып құртып жатқан өзіміз.Көп ұлтты мемеілекетпіз оны дат естен шығармағанымыз жөн.Бірақ жар салып жанымыздан тілімізді өзгерте беретін болсақ ардақтап,аялаған тілімізден не қалады?жас ұрпақ санасын өзге тілде дәріптесек ұлтышлдығымыз,намысымыз қайда қалады?Жаубы жоқ сұрақтар көп.Көкейді өртеп елеңдетіп жатқан жайыпта көп.Саналы ұрпақты ақылды,дәріпті қыламыз деп ұлтышылдығымыздан безіп барамыз.Еліміз бен жереімізден кейінгі басты байлығымыз тілімізді ұсақтап халқымыздың қазыналы байлығынан айрылып барамыз.Сол себептен әуелі тілімізді дәріптейік.

 «Тұран» университеті
«Журналистика және аударма ісі» кафедрасы,                                                                                                  «Журналистика» мамандығының
3-курс студенті
Биртаева Ақниет

                    Тіл құдіреті