Айқаракөз

Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры «Айқаракөз» трагедиясын 3-ші рет өз  көрермендеріне ұсынды.Ұсынып қана қоймай, сол спектакльмен бірге әрбір театр әртісі жүректерге жол салды. Шымылдығыны ашылғаннан бастап жабылуына дейінгі сәт көзі қарақты көрермендердің ой елегінен өте берді.

Айқаракөз!  Қайран, Айқаракөз! Арманда кеткен Айқаракөз! Бұлттарға  кеткен  Айқаракөз! Жалғаннан өткен Айқаракөз! Талдырмаш Айқаракөз!

  М.Әуезовтың шығармасы бойынша қойылған қойылымда қазақ халқының салт – дәстүрі шебер баяндалыпты. Негізгі тақырыбы – қосылмаған , қосылуға болмайтын сүйген жүректер,ата – бабамыздың жеті атаға дейін қыз алысуға болмайтын қағидасына қарсы келген қос ғашық. Шығармада Айқаракөзді ақылына көркі сай ару деп бейнелеген. Бірақ ,сол қағиданы білмейтін қандай ақылды қыз?! Және де қандай сері Сырым?! Махаббатқа мастықпен дүниенің заңдылықтарын ұмытқан екеуді кім қолдасын?! Сонаудан атастырылған сексендегі шал емес , қатарлас адамына бойындағы Сырымға деген ыстық сезімін жасырып баруға болмас па еді?! Барған босағасында келін болып шырайы шықпай, Сырымға деген құсадан өлі денесі шықты. Жан жарасын емдей алмай Нарша қиналды. Сүйгенінің сүйегін құшып Сырым қалды...Еееееех, тағдыр – ай !!!

         Спектакль өте жақсы шыққан. Керемет әсер қалдырды. Кейіпкерлердің образдарын көкейдегідей етіп сомдаған театр әртістеріне мың алғыс. Қойылым арасында көңілді көтертетін де, түсіртетін де, қинайтын да, жылататын да кездер кездесті.Соңғы жағындағы көріністер, тіптен,үлкен ді де, кішіні де жылатты.Мен де жанарыма тығылған жасты еркіне жібердім.

         Қайтқандағы толғаныс – қайран, Айқаракөз!!!

 

Сіз қандай әсер алдыңыз? 



Бөлісу: