Бухгалтерлер күнінде жымиып қойыңыз!

Бүгін Бухгалтерлер күні! Сонымен қатар, жымию күні. Соңғы ақпарат нақты емес. Сонда да үнемі жымиып жүретін, қасы-көзі қиылған сүйікті бұғалтырымызды, тойыс Маржанды туған күнімен құттықтаймыз! Алтайдың ар жағынан келген "кемпірімізді" құттықтауға асығайық ағайын!

Назерке (15:21) :Бухгалтерлер күні, яғни есеппен айналысатындар күні құтты болсын!!! Ең бастысы, есептерінен жаңылмасын деп тілеймін. Маржан, біздің ең сүйікті есепшіміз ғана емес, ақ көңілді әрі ақ пейілді әдемі әпкеміз! Сізге жұмыста жақсы табыстар, ал жеке өміріңізде үлкен жетістіктер тілеймін!!! 

Еркебулан (15:24) :Алтайдың ар жағынан келген аруды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Сізге кеңе пейіл, жомарт көңіл тілейм )

Meiyrgul (15:24) :Көңілді де әдемі, ерекше жан - Маржан апайды төл мерекесімен құттықтаймын! Аман-есен ұл-қызыңыздың қызығын көріп жүре беріңіз. Ақшаңыз көп болсын :) Көз қысып жатырмын :)

Anarka (15:28) : Маржан апай әрдайым әзілге жақын жүреді. Менің ойымша, одан жақсы бір КВН ойыншысы шығар еді. Пікірлері де ойлы, әзілдерге толы. Өмірде де жарқырап, әдемі болып жүреді. Мен оны өте түсінігі мол, дана, сонымен қатар заманауи адам деп білемін. Дені сау болып, бала-шағасының қызығын көріп жүре берсін, ниетіне орай әрдайым тек қуанышта өмір сүрсін деп тілегім келеді!

Сания (15:32) :Маржан апай, ақшаңыз көп, проблемаңыз жоқ болсын! дей салайын)

Ардақ (15:33) : Маржан апай! кәсіби мереке құтты болсын! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Алтайдың ар жағынан келіп тұрсаңызшиш біздің Массагет деген ауылымызға! 



Бөлісу: