Шынымен сұранысқа ие ме?

Шынымен сұранысқа ие ме?
жеке
блог

Соңғы уақыттағы салалық курстардың көп болып кеткені алаңдатады. Мысалы-IT.
Иә, күшті мамандық, еркін уақыт, мол табыс, бостандық. Таргет бізге бұл мамандықтың эстетикасын осылай көрсетеді. Дәлірек айтсақ “мамандықтың” эстетикасын емес, осы мамандықты “эстетика” қылып көрсетеді, себебі қазір эстетикаға барлығы ұмтылады.
Эстетикаға көзі байланған  адамдар өзінің характеристикасын елемей қателеседі бұл сәтте. 
Мұғалімдік қызмет атқарып жүрген жандар төзімді болған соң сол салада жүрсе, ақ халатты дәрігерлер жауапкершілігі мен ұстамдылық қасиетке ие болған соң өз ісінің шебері.
Сол сияқты IT маманы болу үшін де белгілі бір қасиетің басымырақ болуы керек. Мысалы: техникалық икемі, қабілеті болуы, сараптай алуы, ұшқыр ойлай алуы. Бірақ, қазір IT курстарға массово жазылып жатқандардың барлығы осы қабілеттерге ие деп ойлайсыздар ма? Меніңше жоқ.
Уайымдататыны осы. Адамдар өз білім сферасын ауыстырғанымен, қасиеттерін  өзгерте алмайды(немесе ұзақ уақыт алады). Гуманитарий болып туылған адам тригонометрия формулаларын жатқа білгенімен косинустың қай жерде қолданылатынын, оның маңыздылығын түсінбейді. Интроверт болып жүрген адам IT курсын өтіп алып frontend разрабтармен, тестировщиктермен бірден коммуникация құрып кете алмайды. Профессия түрі дегеніміз өмір стилі ғой. Ал, басқа профессияға ауысу дегеніміз өмір стилін ауыстыру деген сөз. Бірақ қазіргі көптеген курстардың жарқыраған жарнамасы тек “профессия ауыстыру” деген сөзді көрсетеді.Қоғамның үлкен үлесін алар жұмыс күші профессиясын ауыстырып,табиғаты келмей, қайтадан басқа сфераға баруы мемлекет дамуына пауза, қоғамға кішігірім бақытсыздық сыйлайтын тәрізді.

Осындай үлкен мәселелерің көбеюіне бір үлкен себеп бар. Ол- сұраныстың болуы. Сұраныстың болуына бір үлкен себеп бар... Адамдардың өз өмірін сараптай алмауы.