Қазақстанда орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден асып отыр!

Тағы да бөркімізді аспанға лақтыруымызға болады. Өйткені, статистиктер 2012 жылдың шілдесінен бастап, Қазақстанда бір адамның орташа айлық жалақысы 106 мың 620 теңгені құрап отыр деп мәлімдеді. Бұл 2011 жылдың көрсеткіш индексімен салыстырғанда 114,7 пайызға артық екен. Бұл дегеніңіз сіздің өмір сүру деңгейіңіз ЖАҚСАРЫП келеді деген сөз!!!

Сонымен қатар, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері журналистика, қаржы және сақтандыру қызметінде – 205,2 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 195,4 мың теңге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 181,5 мың теңге болып белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 48,9 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 54,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау Атырау облысында – 190,3 мың теңгеге белгіленді. Соған қарамастан бұл өңірдің адамдары "бұл бізге жетпейді" дегенді қайталай береді. Бұл жақта болып жатқан көтерілістер, осы жалақы мөлшеріне тікелей байланысты! Мүмкін өмір сүру деңгейлері жоғары болар? Кім білсін...

П.С. Шын мәнінде бұл көрсеткіштерге КҮМӘНІМ бар. Ал, тексеріп көрелік: СІЗДІҢ жалақыларыңыз ОРТАША айлық жалақыдан төмен бе, әлде жоғары ма? (106 620 тг.)



Бөлісу: