Шардарада тұңғыш рет армрестлингтен Қазақстан чемпионаты өтті

Шардарада тұңғыш рет армрестлингтен Қазақстан чемпионаты өтті
жеке
блог

Армрестлингтен Шардара өңірінде тұңғыш рет өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарыстың ашылу салтанатын салтанатты түрде ашқан аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы, Тұңғыш рет ауданымызда өтіп жатқан Ересектер арасындағы ҚР Чемпионатының қатысушыларына ыстық ықыласын айтып, сәттілік тілеп, федерация басшылығын арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

ҚР-ның гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Асаинов Марат Майнышұлы, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің арнайы төсбелгісі мен куәліктерін, спорттық атақтарды орындаған Шардаралық спортшыларды атап айтқанда, қатарынан үш рет әлем чемпионы атанғаны үшін Әбсаттар Дәурен Жанатұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағымен, үш  әлем чемпиондарын дайындағаны үшін білікті бапкер Нұрхаликов Сейфулла Нышанбайұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағымен, төрт әлем чемпиондарын дайындағаны үшін білікті бапкер Малбасов Ғани Үсенұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы»  атағымен арнайы марапаттап, ұйымдастырушылар алқасына өз алғысын білдіріп, ел чемпионатының қатысушы спортшыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ “Шардара Армспорт” клубының негізін қалаушы Қарсыбаев Арман Романұлы спорттағы жетістіктері бар, армрестлинг спортына еңбегі сіңген спортшыларды арнайы марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, “Шардара Армспорт” құрамасы командалық есеп бойынша 1 орынды қанжығасына байлады.

Тартысты әрі қызықты өткен ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:

Ерлер арасында

Нұрмахан Ердаулет - 1 орын
Зәрубек Санжар - 1 орын
Ерсайын Мейрамбек - 1 орын
Әбсаттар Дәурен - 1 орын
Тұрғанбек Тұрарбек - 1 орын
Сарыбай Ердаулет - 1 орын
Басымбек Нұрболат - 1 орын
Қадір Нұрдаулет- 1 орын
Рахмет Азамат - 1 орын
Айдархан Нұрдаулет - 1 орын
Шамиев Мағжан - 1 орын
Ақтаев Талғат - 1 орын
Қарсыбаев Ғалымжан - 1 орын
Арапбай Азамат - 1 орын
Мухамбетов Рысдаулет - 1 орын

Қыздар арасында
Зиядулла Назира - 1 орын
Мәлік Арайлым - 1 орын
Абдулла Аружан - 1 орын 

Командалық есепте
1 орын - Түркістан облысы
2 орын - Жамбыл облысы
3 орын - Шығыс Қазақстан облысы

Барша жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді, жеңістерімен құттықтай келе, алдағы Әлем чемпионатында көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқата берулерін тілейміз!