311-кабинет

   Бұл шығармада мен өзімді алға жетелеген кабинет туралы жазамын...

    Жаңадан осы бір ерекше табалдырықты аттамас бұрын "сәтті болғай" деп іштен сыбырлап, оң аяғыммен қадам бастым. Ал қазірде бұл кабинеттің төрт қабырғасы, төрт бұрыштары сондай ыстық, сондай әдемі. Бұл кабинеттің жай ғана қарапайым ақ қабырғаларының несі әдемі, несі ыстық, несі ерекше дейсіз ғой? Себебі бұл кабинет өнерімнің шыңдалып, тіліме тіл байлықтың қонған орны. Кабинет есігін ашқан кезде күн сәулесі ыстық лебін төгіп тұрған кабинетте минуттап, сағаттап, бір жапырақ ақ қағаздың бетіне үңіле ойланып, қолыңа сиялы қалам ұстап отыруыңның өзі бір ғанибет. Осы шап-шағын төрт бұрыштың ішінде балалық шағымда ойып тұрып орын алатын небір қызықты оқиғалар мен қысыл-таяң кездерді басымнан кешірдім. Бұл жер менің алғаш қолыма камера ұстап, камера алдында нағыз журналист секілді сөйлеген орным. Бұл жер өмірімде шынайы ниетіммен алға ұмтылған, шынайы көңіліммен бірінші болуға талпынған ұям. Мейлі, мен бұл кабинетте үнемі үздік болмасам да, бұл кабинет мен үшін ең үздік!...

                                                                                                       Журналистика мамандығының оқушысы Алипова Жаннұр

                                                                                                                                                                                            9 сынып



Бөлісу: