Абай Құнанбаев нәр алған қайнар көздері жайлы

Әр халықтың өз дәуірінде дүниеге келген кемеңгер тұлғалары болады. Демек, осы тұлғалар арқылы әлем бұл халықтың мақтанышы мен өмірге деген махаббатын таниды. Қазақ халқының арасынан шыққан ақын Абай Құнанбаев осындай болған.

Сатпаева Ш.К. өзінің шығармалар жинағында Абай дүниетанымын қалыптастыруда ақын мұрасының рухани қайнар көздерін анықтауға, бөлшектеуге үлкен мән берді. 1930 жылдары Абай туралы алғашқы ең күрделі мәселелер талқыланды. Ең алғаш Абайдың дүниетанымы және нәр алған қайнар көздері жайлы М. Әуезов өз пікірін жазған.

Абай Құнанбаев ойын дамыту барысында Батыс мәдениеті мен Шығыс мәдениетінің үш рухани қайнар көзінен нәр алған. М.Әуезов айтқандай, Абайды дүниетанымын қалыптастырған кезде өсірген рухани қазынаның қайнар көзі ретінде қарастырғандықтан, «...ақынның өз халқынан алған бастаулары үш үлкен тармақ екенін көреміз. адамзаттың өнері мен ойының байлығы». Олар:

а) Қазақ елінің рухани қазынасы

б) Шығыстың рухани қазынасының қайнар көздері

б) Батыстың классикалық әдеби-мәдени әлемі

Абайдың шығыс, орыс, орыс арқылы батыс мәдениетіне деген қызығушылығы ағартушылық дәстүрге сай туындап, дамыды.

Ежелгі грек философтары Сократ пен Аристотельдің тұлғалары Абай Құнанбаевтың назарын қатты аударды. Ол қырық төрт қара сөздің бірін Сократқа арнаса, «Ескендір» поэмасында дана, әділ Аристотельдің тарихи шыншыл бейнесін жасады.

Жоғарыда айтылғандай, Абай Құнанбаев орыс әдебиеті арқылы кейбір Батыс Еуропа классиктерінің шығармашылығымен танысты. Шиллердің, Гетенің, Байронның, Мицкевичтің таңдамалы өлеңдерін аударған. Бұл аудармалар қазақ әдебиетін, қазақ жұртшылығын әлемдік өркениетке таныстыру тарихындағы жаңа ірі қадам болды.

Көрнекті ақын-ағартушы артында үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Ол өзінің қоғамдық-саяси, философиялық, көркемдік көзқарастарын білдіретін көптеген өлеңдер жазды.

Абай ғылыми-зерттеу институтының вебсайтында Абай Құнанбаев туралы кызықты мақалаларды зерттеп, Абайдың шығармашылығын оқып, абайтану бейнелекцияларын тыңдауға болады. Абай туралы толық ақпаратты сол жерден табуға болады. Абай ғылыми-зерттеу институтының ең басты қызмет бағытты ол –  Абайтану.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдабек Н.А.
ҚазҰУ 2 курс докторанты Кенжебулатова Д.Т.



Бөлісу: