31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ  31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

 Ұжымдастыру саясаты салдарынан халық ашаршылыққа ұшырады.Салдарынан халқымыздың басына үлкен нәубет келді,саны біршама есе азайды.Қаншама адам аштан қырылса,қаншасы елден безіп кетуге мәжбүр болды.Халықтың қойдан қырылғанына шыдай алмай басын көтерген ұлт зиялыларын өлім жазасына кесіп,кейбірін жер аудартып жіберді.

Қазағымның басына не келіп не кетпеді? Қаншама тауқыметті өткерген халқымның қиындықтарын естігенде еріксіз төгілген көз жасын ұстап қалу емес.Әр жыл сайын аймағымыздағы саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандары ескерткішіне гүл қойып,тағзым етіледі.

Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Ата-бабамыздың басынан өткен ауыр күндерін келешек ұрпақ ұмытпайтыны анық.Мәңгі есте сақтап сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа қалдырады деп сенемін!

 

 

 



Бөлісу: