Қуыршақ театрының қызықтары

Қуыршақ театрының қызықтары
жеке
блог

Қуыршақ театры сан ғасырдан бері адам баласымен бірге жасасып та келе жатыр. Баланың  тілін таба білетін қуыршақтар сонау дала театрынан қалыптасып бүгінгі кішкентай көрермендердің көз қуанышына айналған.

Бұрын қуыршақ  театры десе көз алдымызға жансыз қуыршақтар мен шымылдықтың ар жағынан қылтыңдап шығатын "бастар" елестейтін. Ал, қазір бәрі басқаша. Осы ретте, Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры бұл стереотипті түбегейлі бұзды десем болады. Себебі, мұндағы спектакльдер жанды, бұл театрдағы қуыршақтарға ерекше жан біткен. Себеп, актерлік шеберлікте.

Қуыршақ тетарының әртістері актерлік шеберлік арқылы қуыршақ театры аудиториясынан Сіз халық ертегілерімен қоса, батырлар жырын, аңыз-әфсаналарды, драмалық шығармаларды танымал әншілердің, өзін қуыршақ сахнасында балалармен қауышып жатқанына куә болдым. 

Күні кеше қуыршақ театры журналистерге арналған пресс тур ұйымдастырған болатын. Шара барысындла, қуыршақтардан шеберлік сабақтар балаларға арналған "Есте сақта, балақай!" қойылымымен жалғасты. 

«Есте сақта, балақай!» спектаклі театр ізденістерінің жалғасып жатқанына жарқын мысал бола алады. Спектакльді тамашалауға келген көрермен қоғамдағы басты шарттарды орындаудың маңыздылығына, гаджеттердің зиян келтіретініне көз жеткізеді.

Театр актерлерінің тик-ток әлеуметтік желісіндегі трендтерге билеуі барша көрерменнің  жан жүрегін қозғап, әдемі әсерге бөлейді. Сондықтан, баланыңыз қоғамда өз жолын адаспай тауып, өміріне қажетті ақпараттарды оңай игерсін десеңіз, қуыршақ театрына әкелііз дер едім.