"Бала тәрбиесі — болашақ іргесі"

"Бала тәрбиесі — болашақ іргесі"
жеке
блог

Дана қазақ “5 жасқа дейін балаңды патшадай көр, 14 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан соң досыңдай сырлас”- дейді. Бұрынғы даналарыз бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Себебі бала тәрбиесі біздің болашағымыз. Егер болашағымыз айқын болсын десек, балаларымызға қазақы тәрбие беруге міндеттіміз. Қазақтың салт- дәстүрін, ұстанымын бойына сіңдіруіміз керек. Өз тілін құрметтейтін жас буыннан, Елі үшін күресетін азамат шығары сөзсіз. “ Болар баланың бетін қақпа, белін бу” – деген екен. Егер бала бір істі бастауға құлшынса онда барынша демеп, қолдау көрсеткеніміз жөн.

  Осы орайда Абайдың мынадай сөзімен қысқа қайырғым келіп отыр. “ Ішінде кімнің от болса, қар жаусада сөнеме” . Талантты, дарынды бала өзі-ақ суырылып шығады. Көптің ішінен болар бала көрініп тұрады. Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне салғыт қарап жүрген ата-аналар белең алуда. Сіз болашағыңызды ойлаңыз балаңызды біліммен, өнермен, еңбек етумен қоректендіру маңызды. Өнер- ғылымға аш бала, ертеңгі күні жемқорлықпен қоректенетіне кім кепіл?! Өз перзентімізді рухани бай етіп, халықтың ұлы етсек нағыз ата- ана біз боламыз. Басқа дамыған мемлекеттермен, тереземіз тең болар еді.

    Бүлдіршіндерімізге былай жаса, ақылды бол, білімді бол деп айтпау керекпіз. Себебі бала көргенін істейді. Ең алдымен өзіңізді тәрбиелеңіз. Кітап оқыңыз, телефонға үңілмей жаңалықты теледидардан тамашалаңыз, отбасыңызбен кешкісін оқу ұйымдастырыңыз. Міне, осыны көріп, түсініп өскен бала, санасы толысқан азамат болып қалыптасады. Егер осындай жақсы бала өсіріп, тәрбиелесеңіз, жарқын келешекке қосқан үлесіңіз болады. Мен айтар едім: перзентіңізді өнерден де М. Әуезовтың қанатты сөзі бар. “Жастайынан әнге әуес, күйге құмар бала, жаны сұлу өмірге ғашық болып өседі”-дейді.

   Жас буындарға аса мән беру арқылы айқын болашақтың куәсі болар едік. Ұлтқа деген махаббат, қазақтың руханиатына жол ашу . Алдағы уақытта ұлт мүддесін қорғайтын өскелең ұрпақ, қазақ халқының арасынан шығуына барынша атсалысайық!