Мектеп бітіруші түлекке қолдау маңызды
жеке
блог

Мектеп бітіруші түлекке қолдау маңызды

Жүректің қалауы-арманға апарар жол.Барлығымызда мақсат бар, орындалуын қалайтын.Барлық мамандық жайлы  ойланамыз, бірақ шешім қабылдауды қиналамыз. Ең маңыздысы-дұрыс жолды таңдау өз қолымызда.Соны естен шығармайық. 

Мен биыл 11-сынып оқушысымын.Өз жолымды табу үшін, әрекет жасап жүрмін.Миымда қаншама жоспарлар бар.Сол жоспарларды қағаз бетіне түсіріп, мақсат қойдым. Мен секілді қаншама бала болашағын ойлап жүр.Өз жолымды таба аламын ба? Мен өзім ойлағандай өмір сүремін бе? Таңдауымнан қателескен жоқпын ба? Оқуға түсе алмай қалсам не істеймін?-осы секілді сұрақтар мектеп бітіретін кезде әр баланың миында болады.Күніге сол сұрақтармен арпалысып, уайымдайды. Жан-жағынан қолдау күтеді, әсіресе, өзіне жақын жандарынан.Мектеп кезінде барлық бала мамандық бойынша өз таңдауын таба алады деп айта алмаймын. Әркімнің қызығушылығы әр түрлі.Ең жақсы мұғалім ғана баламен қарым-қатынас кезінде қабілетін байқайды.Сол қабілетімен жұмыс жасаса, бала өз таңдауын табады.Барлық мұғалім әр сабақ сайын оқушыларға өзінің беретін пәнін оқыса, оған қандай мүмкіндіктер ашылатынын айтуы керек. Бейімдік пәнін тереңінен түсінсе, ол баладан болашақта жақсы маман шығады. Сонда өз жолын адаспай табады. Уайымдаған сұрақтарының жауабы шешіледі. Ең бастысы енді өсіп келе жатқан тұлғаға, болашақ маман иесіне, дұрыс бағыт-бағдар берілуі керек. Ата-ана да баланың айтқан қызығушылығына мән берсе, ертеңгі күні өз баласымен мақтанады

Мемлекеттің болашағы жарқын болуы үшін жастардың қоғамдағы рөлі маңызды. Мықты мамандар өз арамызда жүр. Ең бастысы бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп жүрейік!