Жаңа жылды алаяқтар да тиімді пайдаланып жатыр

Жаңа жылды алаяқтар да тиімді пайдаланып жатыр
жеке
блог

Алаяқтар-ау

Белгісіз нөмірден қоңырау түсті. "Оператор" қыз маған яндекстен доставка бар екенін айтты.

"Бар болса жеткізіңіз" деймін ғой. Сөйтсем, "Сіздің данныйларды толтыруым керек" деген ол аты-жөнімді, ИИН нөмір мен доставканың 500 теңгесін төлеу үшін банк карточкасының мәліметін сұрады.

"Сіңілім, доставка болса көрсетілген адреске жеткізе қойсаңдаршы, зәшем мұндай ми қатыру, қандай мекен-жай көрсетілген екен?" десем, "Тараз қаласы" дейді.

Ондай доставканы кері қайтара қойыңдар дедім. Сөйтсем, "оператор" да қайтпайды. Мұндай бағалы затты кері қайтару қиын деген сияқты лапшалардан әкетті ғой.

Яндекстен де, басқадан да посылка, доставканың түр-түрін алып жүргесін, оларды ажырату маған қиынға соқпады. Бірақ айналамызда аңқау қазақтар көп қой, әрі десе "Сізге қымбат сыйлық келіп тұр" десе басы айналып қалмайтын адам жоқ дегендей.

Байқаңыздар, жаңа жылдық сыйлықтар науқанын алаяқтар да тиімді пайдаланып жатыр)

Автор: Маржан Рақай
Сурет: pixabay.com