Қазақша қызмет етуді талап ету “ұлтшылдық” па?
жеке
блог

Қазақша қызмет етуді талап ету “ұлтшылдық” па?

   Жақында Алматыдағы танымал сауда үйлерінің бірінде отандастарымыз кассада сыпайы түрде қазақ тілінде қызмет көрсетуін сұраған. Алайда өзге ұлт өкілі қазақша түсінетіндігін айтып, бірақ бұл тілде қызмет көрсетуді қажет деп санамайтынын бүкпесіз жеткізген болатын. Тұтынушылар онда қазақша қызмет көрсете алатын адамды шақыруын өтінгенде,әкімші келеді.Оның бар айтқаны:”Біз халықаралық компаниямыз.Қызметкер өзге ұлт өкілі.Қай тілде сөйлесе де өзі біледі.Орыс тілі де мемлекеттік тіліміз.”
Өз құқықтарын қорғамақшы болып аға-әпкеміз күзетшілерді шақырады.Дегенмен,олардың ойын елеген бір жан табылмайды.
Ал кассадағы ер адам “Шығарып жіберіңіздер” деп мазаққа салады.
Осыншама қорлықты төзіп,ары қарай “мен” деген брендтің клиенттеріне осындай қарым-қатынас жасағанына қапалы болып қайтады.
       Мәселенің оң шешімін көздеп,шағымдарын білдіргенде сауда үйінің әкімшілігі бар айыпты қонақтарға жауып тастайды.Сонда жай ғана өз тілімізде қызмет етуін сұрағанымыз айып болғаны ма?Өз елімізде жүріп өз тіліміздің құнын өзіміз түсіргеніміз бе?
     Мұндай жағдайлар күнделікті орын алу да.Тіпті мегаполистерде де…Сонымен қатар белгілі компаниялардың да бұған қалай болса солай қарағаны жанға батады…
     Мәселені шешу үшін ең бастысы тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды жетік білулеріңіз өте маңызды!Құқығыңызды білу арқылы қазақ тілде қызмет көрсетуді талап ете аласыз!Алайда,ұрыс шығарып,мәдениетсіздік көрсетудің қажеті жоқ.Сыпайы түрде сұраймыз.Сұраныс артқан сайын мәселе шешімін табады!
  Бәрі тікелей өзімізге байланысты.Біріксек алынбайтын қамал,шешілмейтін нәрсе жоқ.