"Ажыраспа, ажырассаң, екінші рет күйеуге шықпа!"
жеке
блог

"Ажыраспа, ажырассаң, екінші рет күйеуге шықпа!"

Әйелдер бар әйелді жазғыратын...

"Ажыраспа, ажырассаң, екінші рет күйеуге шықпа! Қыз баласы барлар мүлде бай іздемей, тыныш жүрсін! Шұбыртып қыз туа бергесін, күйеуі кетпегенде қайтсін? Бәріне өзің кінәлісің. Күйеуіңе ие бол. Бір бала туып берсең, отыратын еді қой қасыңда. Жыбырлап, нең бар еді, байдан-байға тиіп? Өзіне сол керек, обалы жоқ!"

Денеңді түршіктіреді. Бұған қарсы бірдеңе жаз не, жазба не? Олар көп. Олар сенің әпкең, келінің, жеңгең, абысының, көршің, құрбың... анаң да болуы мүмкін.

Олар өмірге өкпелі. Бақытсыздығын біреуден көреді. Біреуді жазғырып, өзін жеңіске жеткен адамдай сезінеді. Біреуді табалағаннан ләззат алады. "Айттым ғой" дейді соңында.

Өзегім өртеніп отыр....

Автор: Баян Хасанова
Сурет: Artem Kovalev