ТӘУЕЛСІЗ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

ТӘУЕЛСІЗ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ  ОРНЫ
жеке
блог

Журналистика – маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғамөмірін көзге елестету мүмкін емес. Сонымен бірге, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, баға берумен, қорытындылар жасауымен, ұсыныстар айтумен ерекшеленеді. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтікқатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, игі істердің жүзеге асыруына ықпал етеді. Жалпы, журналистиканы қоғамның әлеуметтікинституттарының бірі десек еш қателеспейміз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннанбері БАҚ саласында түпкілікті өзгерістер жасауғажәне одан басқа, әсіресе, өз назарын азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарын заңнаматұрғысынан қамтамасыз етуге ұмтылып кележатыр. Ең алдымен, бұл демократиялық қоғамныңнегізгі көрсеткіші ретінде дамыған, күштіұйымдасқан және БАҚ-тың тәуелсіздігін қажетекендігін айқын көрсетті. Яғни, бүгінгі күнніңдемократиялық қоғамына тәуелсіз журналистикакерек. Бұл – заман талабы. Қазіргі заманғыбүкіләлемдік саяси, экономика және рухани-мәденижаһандану жағдайында журналистика әлемдікинтеграциялық үрдістердің ішіндегі аса ықпалдысыболып табылады. Осыған байланысты, әлемдікжурналистика бұрынсоңды болмаған дүмпудібасынан өткізуде.

Журналистиканың белгілі бір елде, аймақта, тіпті, әлемдік ауқымда қоғамдық пікірқалыптастырып, ресми емес төртінші биліктармағы тұғырына көтеріле алатындығы, оныңболашақтағы даму мүмкіндігінің бұдан да молекендігін көрсетеді. Міне, осындай жолдарменхалықтық демократия пайда болады, халықтықбасқару жүзеге асады. Халық өздері сайлағандепутаттар арқылы Парламенттің өкілеттігінпайдаланады. Сол арқылы ұсыныс-пікірлерінөткізеді, мәселелерді шешуге ықпал етеді. Өзкезегінде депутаттар халық, яғни сайлаушыларалдында есеп береді. Яғни, бұл – мемлекеттікбасқаруға халықтың тікелей қатысуы. Ал, халықтың сөзін сөйлейтін кім? әрине, журналист. Осындай нюанстарды біз көп жағдайда ескеребермейміз. Бүгінгі күні журналистиканыдемократиядан бөліп қарау мүмкін емес. Демократиялық елдердегі журналистикасалыстырмалы түрде өз міндетін атқара алатынболса, тоталитарлық, авторитарлық елдердегіжурналистика өзге билік тармақтарының қысымысалдарынан жұртшылыққа шынайы объективтіақпарат жеткізбеу, шындықтың өңін айналдыру, бұрмалау құралына айналуда. Алайда, демократиялық мемлекеттерде қалыптасқантәуелсіз журналистика ұғымының өзі толық мәндітәуелсіздікті білдірмейтін шартты ұғым. Кез келгенелде қандай да бір қаражатсыз және биліктармақтарының қолдауынсыз журналистика ісідамымайды. Сондықтан, журналистиканың өзқызметін шын мәнінде дұрыс атқаруы әрбір елдіңбұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігінекепілдік беретін заңдарының қабылдануына жәнеолардың толық орындалуына байланысты. Сонымен қатар, дүниежүзілік журналистерқауымдастықтарының өзара ынтымағы да маңызды.

Бұл – демократиялық елдердегіжурналистиканың әлемдік деңгейде көріну сипаты. Ал, біздің демократиялық елімізде тәуелсізжурналистиканы қалыптастырудағы журналистіңрөлі қандай? Бұл сұраққа орай ең алдыменайтарымыз, тәуелсіз журналистиканы жасаушыжурналистің алдымен жаңаша ойлау машығықалыптасуы керек. Бұл – аса күрделі де көп қырлыүдеріс. Ол әрдайым тұрақты өзгерістерге ұшырапотыратын қоғамдық құбылыстардың, өндірістікқатынастардың, экономикалық, сондай-ақ, сан қилы қоғам заңдылықтарының объективтішындығын танып білу негізінде жүріп жатады.Жаңаша ойлайтын журналист қолынан шыққан әрбір материалдың тұтас алғанда шындыққа негізделгеніне көңілі толып қоя салуы аздық етеді. Журналист жаңаша ойлау негізінде әрбір әріптің, әрбір сөздің, логикалық жүйенің астарына терең үңіле отырып, кәсіптік тұрғыда ой елегінен өткізуге тиіс. Қазір журналист сөзінің құны барынша артып отыр, сондықтан, жалтақтықпен айтылған әрбір жалған сөз қауіпті екенін жадымызда сақтаған жөн. Журналистің жаңаша ойлау машығы – демократияның интеллектуалды негізі, оның толыққандылығының негізгі көрсеткіші. Оның негізгі мақсаты- қалың бұқараны, қоғамды жаңғыртуға жұмылдыру. Демек, жаңаша ойлау машығы қоғам мүшелерінің ұстанып отырған азаматтық позициясының өзекті сипаты болып табылады . Қоғамның қайшылығы мен шарасыздығы үдеп тұрған тұста – 1991 жылдың маусым айында қабылданған Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы заңның атқарған қызметі туралы ерекше бөліп айту керек. Тұңғыш рет әлі Кеңес Одағы құламай тұрған шақта, сөз еркіндігіне екпін берілді. еліміз цензураның жойылып, сөз бостандығының рухани жетістік ретінде өмірімізге қалыптасып, тәуелсіз басылымдардың дүниеге келіп, сөз мәдениетінің, рухани санамыздың өсіп-өркендеуіне сол жолғы қабылданған заңның атқарған рөлі ерекше. Ол заң жарыққа шыққанда қоғамда, журналистер, жалпы – ойлау, жазу, сөйлеу мәдениетімен, процестерімен байланысты қоғам наразылығын туғызған жоқ. Керісінше, әртүрлі қайшылықтардың басылуына септігін тигізді. Заң жарыққа шыққаннан кейін бір жылдың көлемінде 200-ден астам мемлекеттік емес, тәуелсіз басылымдардың дүниеге келіп, қоғамдық өміріміздің құрамды бөлігіне айналды. Ғажабы – сол мемлекеттік емес, бейресми тәуелсіз басылымдар қысқа мерзімде бұрынғы жүйені сынап, қажай беруден болашақта ұлтымыз кім болады, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту жолдары қандай деген бағытта салиқалы әңгімеге бет бұрды. Баспасөз үшін аса қажетті болып табылатын 20-бапты сөз етпей болмайды. Неге десеңіз, мұнда бұрынғы заңдарда жазыла бермеген өзгерістер бар:

«1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үйретуге жол берілмейді»

Иә, осынау бапта келтірілген мәселелердің қай-қайсысы болса да өзекті екені тайға таңба басқандай болып шыққан. Шығармашылық еркіндігі баспасөз, тіпті басқа бұқаралық ақпарат құралдарына ауадай қажет екені екібастан белгілі. Әсіресе қазіргідей демократия заманында. Сондай-ақ «Цензураға тыйым салынады» деген сөздер де журналистердің көкейінде жүрген түйін болды. Бұған қоса цензура мен демократия бір қазанда басы піспейтінін уақыт көрсетіп отыр. Осылайша мәселенің мәнін ашып беру керек-ақ еді, сол миссия орындалған секілді. Айта кету керек, кеңестік кезде де «цензура жоқ» делінгенмен, ол орындалмай қалған арман еді. Айтылуын айтылғанмен, іс жүзінде бәрі де керісінше болғанын журналистер қауымы жақсы біледі. Енді ғана баспасөз қызметкерлерінің жолыашылып отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамнан бөлек журналистика болмайды. Қоғаммен журналистика бір-бірімен өте тығызбайланысты. Егер қоғам ала-құла болса, журналистика да дәл сондай болады. Дегенмен, есте болатын бір жайт, журналистер тек биліктіңсойылын соғушы емес, халықтың атынан сөйлеуші. Халық көп. Әркімнің айтар ойы бар. Ендеше, оны кім жеткізеді. Әрине, тағы да журналистержеткізеді. Міне, Ахмет Байтұрсыновтың баспасөзхалықтың құлағы, көзі, тілі деп отырғаны осыдантуындайды. Журналистиканың қоғамдағы тағы біререкше қызметі – ол атқарушы билікті үнемітүрткілеп, оятып отырады. Айтатын кезінде айтып, сынайтын кезде сынап та алуға құқылы. Ал, журналистика – биліктің ондай қитұрқыәрекеттерді жасауына жол бермейді. Дамығанелдерде, зиялы ортада қоғамдық пікір бәріненжоғары тұрады. Ол пікірден сол елдің билігіименеді, аяғын тартады. Ал, сол қоғамдық пікірдіжасайтын, қоғамнан – билікке, я болмаса биліктен– қоғамға жеткізетін кім? Тағы да сол, журналистер. Міне, осыдан келіп, саясаткер, әріпублицист Э.Берк 1776 жылы баспасөзді «төртіншібилік» деп атағаны бекер емес. Яғни, мейлі олмемлекеттік басылым болсын, тіпті жекеменшікақпарат көзі болсын, қай уақытта да тек халықтыңатынан сөйлегенде ғана өзінің қызметін толық әріәділ атқара алады. Оқырманның сүйіктісі мен сүйкімдісіне айнала алады. н сүйкімдісіне айналаалады. Қазақстанда сөз бостандығы бар екенінуақыт көрсетіп отыр. Бірақ, сөз бостандығы бар екен деп баспасөзді қалай болса солай пайдалануғаболмайды. Қазақ журналистикасы алдымененұлттық идеологияға қызмет жасауы керек. Егер, журналистің өресі жетіп тұрса, айқын дәлелі бар болса, неге айтпасқа?! Ондай ақпаратқа орынәрқашан болады. Сондықтан, жазылмай, айтылмайжатса – ол журналистің кемшілігі. Осы тұрғыданкелгенде қазақ журналистикасы көштен қалыпқойған жоқ. Қоғамда алып отырған лайықты орныда бар. Осы тақырыпқа орай, «Kerey.kz» ақпараттық танымдық порталында жарияланған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы ДидахметӘшімхан өз сұхбатында: «Осыдан біраз жыл бұрынРесейдің белгілі бір қоғам қайраткері «Кімніңқолында БАҚ болса, билік соның қолында. Кеңестік кезеңде журналистика, шын мәнінде, төртінші билік дәрежесінде болды. Өйткені, БАҚ-пен, әсіресе, газеттермен санасатын. Әкім-қараларда, халық та. Ол уақытта журналистерденқорқатын. Мәселе қорыққанда емес. Газет беттеріне шыққан сын материалдардан нәтижешығатын. Ол уақытта журналистер еңбектерініңжемісін көрді. Ал, қазір ше? Қазір журналистика төртінші билік емес, тек қоғамдық пікірдіқалыптастырушы ғана. Кеңестік кезеңде жазуғатыйым салынған тақырыптар болды. Мысалыбалалар үйі туралы мақала жазбақшы болғанымдабіраз кедергіге тап болдым. Ол кезде «біздепанасыз, бейшара балалар жоқ» деген пікірқалыптастырды. Ал, қазір кез келген телеарназорлық-зомбылық, ұрлық, қылмысты жарысахабарлайды. Оны көріп отырып өмірден түңіліпкетесің. Міне, демократияның атын жамылып, қоғамда келеңсіз көріністерді көп көрсету арқылыелді дүрліктіріп отыр. Қазіргі кезде қоғамдықсананы қалыптастыруда журналистиканың рөлібіреу ғана және ол әлдеқашан айқындалып қойған. Ол – проблемаларға қоғам назарын аударту, яғнитұрмыстық, әрі ұсақ проблемалар деңгейінде қалыпқоймай, қоғамда болып жатқан салмақты да салиқалы, әлеуметтік маңызы зор мәселелердікөтере отырып, халыққа шынайы жеткізе білу.