Досы барды жау алмайды

Досы барды жау алмайды
жеке
блог

Дос-деген екі адамнан тұратын,адамның қиын сәттерде тап болып қолдау бере алатын жақының.Әр адам дос деген ұғымды түсініп,бас ие білу керек,дос жаныңдағы серігің сенің жан дүниеңді түсінетін адал адам.Дос болуда оңай емес.

Менің бала кезден келе жатқан достарым өте көп деп айта алмаймын неге десең жақын,адал дос таба білу өте қиын,сенің ішкі ойыңды түсінетін,қуанғанда қуана білетін адал жан таба білуде бір өнер.Дос деген ұғым киелі .Әр жас жеткіншек мектепке алғаш қадам басқан сәттен дос таба біледі,бұл өте оңай болғаны мен өсе келе досың сені пайдаланып немесе қиын сәтте қолдау бере алмай,мысқылдап сені жұрттың көзінше абыройыңды түсіретін достарда бар.Ал кейбір достар бала кезден бастап мәңгілікке дос болып,бауыр болып араласады.Осы тұста досы көпті жау алмайды деген мақал есіме түсіп тұр,Досың көбейген сайын қорғаның нығайа түседі сені қорғап,бір нанды бөліп жейтін бауырларың қиын кезеңде тастамай,қуанышта бас қоса білу бір бақыт.

Қорыта келсем Дос таңдама,адал дос алдыңнан шығады.Әр адамның ниетіне байланысты.Ешқашан досыңды пайда үшін пайдалан ба ,қиын кезеңде бір-біріңе қолдау беріңдер,досыңның жанына Медеу бол сыйлап құрметте бағала,Достарымыз көп болсын!