Тұрмыстық зорлық-зомбылық
жеке
блог

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмысты зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды - онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiмшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенци, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасынын Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы,Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңы және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық - адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбiрленушiнiң денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық - жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерiк жiгерiн жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.
Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады. Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезiндегi елiмiздегi адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсiз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уакытқа дейiн сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесiнiн әсерi мол. Тәрбиеге әсер беретiн өскен орта,ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мiнездi жұқтырады. Салауатты өмiр сүрудiң бiр негiзгi күрделi мәселесі - жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есiнен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигiзедi, отбасына ойран салады, отбасы мүшелерiне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигiзедi. Бала өзіне керектi рухани дуниенiң барлығын қоршаған ортадан алады.
 Зорлық-зомбылық тәрбиесiздiктен де туындайды.Тәрбиесiздiк - ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесiз берiлген бiлiм келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр ал Фараби.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы езiнiң «Абай журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі» «Сүтпен кiрген сүйекпен кетедi», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет калмайды деген сөз.
Ұлтымыздын қанындагы iзеттiлiк дөрекiлiкке,қайырымдылық катыгездiкке, жомарттык тоғышарлыққа, адалдык арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.