Білімдегі бүлік

Білімдегі бүлік
жеке
блог

 

Қазіргі таңда білім саласы бизнеске айналып бара жатыр. Қарапайым ғана мысал мектеп бітіруші түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалу үшін түрлі курстарға жазылады. Әрине өзiнiң болашағы үшін ақы төлеп болса да білім алады, бiрақ мектепте неге оқи бермеске. Бұл жағдайдың бiрден бiр себебі мектеп мұғалімдерi тестілеуге оқушыларды дайындамайды, мектеп өз оқушыларының нәтижесіне жауап беруге міндеттелмеген. Ал жауапкершілік мектеп мойнына алмаса мұғалімдерге оқушылардың ҰБТ-дан қанша балл алуы қызық та емес. Егер мұғалім өзінің оқушысының білім деңгейіне жауап бермесе, дәрігер науқасының денсаулығына жауап бермесін, жол полицейі жол ережелерiнiң сақталуына жол бермесiн!Осындай білім саласындағы саясат салдарынан өткен жылы 145 288 тулек тест тапсырып, оның 88 101- шекті балл жинаса қалған 57 187 тулек шекті баллға жете алмаған, нәтижелерi 50 баллдан аз. Бiз бұл статистиканы төмендетумiз керек. Казiргi нарықтық жағдайда бағасы бақандай болған курсқа балаларын оқытуға қарапайым халық балаларының қолы жетпейді. Бар мiндеттi мектеп мойнына алып, сапалы білім беріліп, мектеп оқушыларын тестілеуге дайындайтын болса, қоғам үшін аса маңызды iс болар едi. Елiмiздiң болашағы бiлiмдi жастардың колында!