Журналистің қызметі қаншалықты еркін?
жеке
блог

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналист – қаһарланған қан майданда от кешкен қаһарман десек те қате болмас. Қоғамда орын алып жатқан жаманды-жақсылы мәселенің басы-қасында жүріп, елді жаңалықпен хабардар ету – журналистің ең алғашқы міндеті деген ойдамын. Ол-бізді толғандыратын өмірдің әр тұсын көрсетеді.Журналист халықтың қамын,мұңдының мұң-мұқтажын зарлайды.Бұл маман иелерінің қоғам арасында қаншалықты сый-құрметке ие екендігі барлығымызға белгілі.Тіпті,журналистер өз мансабы бойынша қарапайым халыққа кіруге рұқсат етілмейтін қылмыс болған жерлер мен  төтенше ақпарат тарататын жерлерге кіруге рұқсат етілген.Елде адам қорқытарлықтай алпауыт майдан орын алып жатқанның өзінде, тікелей оқиға болып жатқан алаңда болып, халықты ақпараттандыруға тиіс.Кей-кездері журналист өз жұмысына толығымен кіріскендіктен өміріне қауіп-қатер төнетін сәттер де бой алып жатады.

Халық арасында  бұл сала өкілдерін төртінші билік өкілдері деп те атайды.Ал осы төртінші биліктің қызметі қаншалықты еркін? Өкінішке орай,журналистің қызметі толығымен еркін деп айта алмаймын. Не  дегенмен,журналистер қауымы қандайда-бір ақпаратпен бөлісер кезде мың рет ойланып,әрбір сөзін сараптап,сүзгіден өткізу керек.Материалды жарыққа шығару үшін де кейбір адамдардың алдынан өтуге мәжбүр болады.Тек олардың рұқсатымен ғана ақпарат тарата алады.Сондықтан да қоғам арасында «журналистер биліктің қолшақпарына айналған,оларды шенеуніктер сатып алған» деген пікірді жиі естимін.Олар қалаған тақырыбында сөз қозғап,мақала жазып,репортаж түсіре алмайды.Шектеу мен цензураның барын ұмытпау қажетпіз.Ал біздің Қазақстан  сөз бостандығы бойынша 180 елден 158-ші орынға жайғасты.Ең қызығы,осы журналистердің сөз бостандығы жайында заңның болғаны.Дегенмен,іс жүзінде бұл заңның ешқандай ықпалының болмауы,орындалмауы жанды ауыртатыны анық.

Осыдан он жыл бұрын журналистика әлемінде сыни,сапалық жазбалар көп жарияланатын.Ал қазір бұқаралық ақпарат құралдарының 90%-ға  жуығы мемлекет тапсырысы бойынша жұмыс істейді.Соның нәтижесінде журналистің еркіндігі біршама төмендеп,белігілі бір шеңберден шыға алмай қалады.Онымен қоса,халықтың журалистеге деген сенім деңгейі де жоғала бастайды.Аудиторияға тек сапалы әрі тексерілген ақпаратты жеткізіп,өз жұмысын адал орындау-журналист жұмысының алғышарты болып саналады.Бұл сала өкілдері халықтың бүгіні мен ертеңін ойлайды.Өз жұмысын халыққа арнайды.Сол себептен де мемлекет оларды толығымен қорғап,өз жұмысын толыққанды орындауға жағдай жасауға  міндетті.Алайда,журналистің өз жұмысына адал кірісіп,тек бүкпесіз шындықты айтуды көздегені  үшін опық жеген жағдайлары да көп.