Шын мәнінде күнделікті өмірде позитивті және негативті жағдайлар бірдей кездеседі.Біз оның біреуіне үлкен басымдық беріп қоямыз.Үстінде айтып кеткенімдей бұд заңды құбылыс.
⠀
Бұл жағдайдың алдын алу үшін мына жаттығуларды жасаңыз.
⁃ 3 минут жақсы нәрселер ойлаңыз.Бүгін болған келеңсіз оқиғаны позитивті тұрғыда қарап көріңіз.
⁃ Аффирмация жасаңыз яғни ішіңізден “ Бүгін өте керемет күн”, “Бүгін мені ешкім ренжіте алмайды” т.б қайталап отырыңыз.
⁃ Әр адам білу керек маңызды қағиданың бірі негативті де, позитивті қалай қабылдау да сіздің қолыңызда. Ол санаңыздағы иә/жоқ деген кнопка тәріздес.Осыны жиі есіңізге түсіріп отырыңыз.
⠀
Егер жаттығуда алты ай бойы жасасаңыз.Сіздің санаңыз оны әдетке айналдырып,қоршаған ортаңыздан позитивті өзі-ақ іздейтін болады.
⠀
Бастапқы аптада жалған тәрізді болып көрінуі мүмкін.Сіздің бұрынғы санаңыздағы нейрондар кері тартып, бұрынғы әдетіңізге итермелеуге тырысады.Егер 6 ай бойы әдетке қосып, табандылық танытсаңыз өміріңіз шаттыққа толмақ!