№3 жатақханада азу тісімнен айырылдым...

№3 жатақханада азу тісімнен айырылдым...
жеке
блог

              Демалыс кезіне таяу қалған уақыт. Бөлмеде жалғыз қалдым. Бір өзің болған соң аста мардымтып бата қоймайды. Берілген тапсырма да жетерлік. Шаруаны қолға алып нотбуктын алдына отырып, музыканы қосып, ауызға құртты салып алып, ерекше сезіммен бастадым. Кенет әуенге қатты беріліп кетіп, құртты қатты тістеп қалғанда азу тісім де қытыр ете қалды. Көзім жарқ ете қалып, өңім қалмады. Дереу жуынатын жерге барып, тісімді ақырын ұстап көрсем ортасынан қақ бөлініпті. Оқиға кеш құрым болған еді. Таңға дейін шыдап бағу керек. Ертесіне ауылға кеткелі жүр едім. Зорға дегенде таңды да атырдым. Азанымен үйге кетудің қамын жасап ерте шығып кеттім. Тәңір сәтін салып үйге де жеттім. Заттарымды тастай салып, үйдегілермен саулық сұрар-сұрамас тіс емханасына кеттім. Ол жерге де келіп жеттім. Барсам кезек те жоқ екен. Кіріп орынға жайғастым. Қарасам өзімнен бір сынып жоғары оқыған жігіт сол жерде жұмыс істейді екен. Тура сол кісі менің тісімді емдемек болды. Мектеп кезінде елемейтін едім... Жақсылап қарап жатыр, ағамды да сұрап қояды. Енді барын салып емдеп берді. Қалай күтіну керек екенін де айтып, түсіндірді. Табан астында тура бетпе-бет келіп саған жақсылап ем жүргізіп отырған да сезімде оянбай қалған жоқ). Жүрек дүрсілдеп, тісіңнің ауырғанын да ұмытып кетіппін. Енді өткінші сезім ғой. Негізі сол кез дұрыс болды есесіне тісім тәуірленіп бәрі сәтімен өтті де кетті.

              Содан кейін №3 жатақханадан да ауысып кеттім, суы бір таудың суына хлорды аямай араластырғандай түрдегі, әрі салқын еді. Қазір жақсы №2 жатақханада типа тыныш өмір сүріп жүрмін))). Бәрі жақсы болады, сіз де сеніңіз!