№3. 150 күндік бостандық немесе келін болуға дайындалып жатырмын)
блог
Үйлену дегесін, қандай қыз болса да қиялдай бастайды ғой. Мен де сол қиялдап, интернетті ақтарып отырып 2013 жылы жазда үйленетін америкалық мына екі жастың
үйлену сайтына тап болдым. Көріп отырып, меніңде мынау дамыған заманда осындай сайтымның болғанын қалап қалдым.
Танысу тарихынан бастап қалай сөз айтқаны, тойлары қашан, қай жерде, қонақтар тізімі бәрін - бәрін енгізіп қоюға болады екен. Тіпті, қыз жолдас пен ұл жолдастың кім екенін де жазып қоя аласыз. Қонақтармен пікір алмасуға да ақылдасуға да мүмкіндік болады екен.
Ең бастысы біз сияқты тойдағы суреттері тойға барған қонақтардың әр қайсысынан сұрап, таратып жүрмей сайтқа енгізіп қоясың бітті. Қалаған адам, қалаған суретін көшіріп ала алады. Сонымен қатар, қыз ұзату, құдалықта түсірілген суреттерден арнайы фотоальбомда жасай аласыздар екен.
Жаным, біздің осындай сайтымыз болғанын қалаймын. Сен келісіміңді берсең болды. Сенің келісетініңді білемін ғой (майысып, көзімді ашып-жұмып, еркелесем...).
Мен қазақстанда қандай компания осындай сайттар жасайды екен деп іздеп отырып Го-бев компаниясы осындай өнім ұсына алатынын көрдім. Басты суретте тұрған сурет сол кісілердің сайтынан алынған. Әдемі иа.
Қиялым басымнан асып жатыр :). Андай сайт керек болса менімен хабарласыңыздар, бірге қиялдап жасаймыз :).
Алдыңғы жазбаларға сілтеме: 1, 2. Суреттер, көрсетілген екі сайттан алынды.