Студенттер тек «сабақ-тамақ» графигімен өмір сүреді

Студенттер тек «сабақ-тамақ» графигімен өмір сүреді
жеке
блог

«Қазіргі кезде мектеп оқушылары, студенттер «сабақ-тамақ» графигімен өмір сүреді. Осыдан кейін бала өмірге қажет дағдыларды үйреніп үлгермейді. Олар тек білім алуға дағдыланады. Білім алудың өзі – қайталап оқи беру. Одан мида ештеңе қалмайды. Сөйтіп дағдыланған адам мектепте, университетте жақсы оқыды. Университет бітірген соң қайда барады? Ол табысты адам бола алмайды. Өйткені қосымша дағдыларды меңгермеген. Ол отырып алып қайталауды ғана үйренген. Ондай адамды жұрттар тек көмекшілікке алады. Бірақ өзі жаңа нәрсені шығарып, өзгерістер енгізетін кәсіпкер бола алмайды. Сәйкесінше өмірін де өзгертетін жасампаз болмайды.

Университет бітіргенше қосымша дағдыларды меңгеріп алу керек. Өйткені ересектердің өмірі – тіршілік ету. Ересек адамдардың 80-90%-ы тамақ табу үшін жұмыс істейді. Ол да солардың қатарына қосылатын болса, даму жайына қалады. Өмірінің соңына дейін өзін жүзеге асырмай өтеді. Бұл өкінішті. Әр адамда шексіз мүмкіндік бар» деді Mumkin.kz орталығының негізін қалаушы Кәусария Сағадатқызы.