Таңдауым сенсің, ҚазҰУ-ым!

Таңдауым сенсің, ҚазҰУ-ым!
жеке
блог

Білім – адам өмірінің негізгі шырағы, онсыз адам қараңғылықта өмір сүреді. Біз үнемі ізденіс үстінде жүреміз, білімді инемен құдық қазғандай меңгереміз. Бәрі өз кезегімен, өз кезеңімен жүзеге асады. Мектепте 11 жылдық білім нәрімен сусындағаннан кейін, әрбір жас түлек үшін шешуші сәт орын алады. Қай мамандықты игерсем екен, қандай ЖОО таңдасам болады дейді. Осы тұста дұрыс таңдау жасау  аса маңызды, себебі бұл жерде студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы өтеді. Қазақстандағы барлық 122 ЖОО ішінде таңдауым сен болдың, ҚазҰУ-ым!

Қазіргі таңда ҚазҰУ-ым  әлемдегі топ 500 ЖОО ішінде 150 орынды еңсеріп отыр. Қазақстандағы №1 Ұлттық Университет – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Биыл менің универіме Зерттеу Университет деген мәртебесі берілді. Біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен абырой.Бұл да  дұрыс таңдауымның кепілі. Мақсатыма қол жеткізу жолында мен үшін білімді жоғары сапада меңгеру – маңызды қадамдардың бірі. Осы тұста таңдауым ҚазҰУ-ға түскеніне қуаныштымын.

Қазір мен  журналистика факультетінің 2 курс студентімін. Менің перваш кезім универ сыйлаған мүмкіндіктер арқасында қызыққа толы өтті десем болады. ҚазҰУ студенттерді жаңа қырынан ашып қоймай, оларға білікті де сапалы жаксы орта сыйлайды. Ал студенттік өзін-өзі басқару ұйымдар студенттік өмірге ерекше көрік береді. Оны нәрлі де тәтті етеді. Адымдап ересек өмірге дайындайды, сонымен қатар басты миссиямыз – адал ұрпақ тәрбиелейді.

Биылғы барша ҚазҰУ перваштарын студенттік өмірге қадам басуымен құттықтаймын! Естен кетпес естеліктер, алар асуларыңыз бен жетер жетістіктеріңіз көп болсын! Осы тұста біздің ҚазҰУ қос қанатыңыз болып сізді алға қарай жетелейді сенемін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті

Қоғаммен байланыс мамандығының

2 курс студенті Топыш Зарина Айтпайқызы