Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?
жеке
блог

Қоғам өмірін журналистикасыз елестету қиынға соғады. Себебі, ол біздің құлағымыз да, көзіміз де. Журналистика- жаңа ақпаратты табу және оны өңдеп, жариялаумен айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары бізді жаһандық дәрежедегі, ауқымды ақпаратпен мәлімдейді,  дүниетанымыздың кеңейуіне үлесін тигізіп, белгілі бір ой қалыптастыруға жол ашады. Ал ол өз кезегінде журналисттердің атқарған үлкен еңбегінің бейнесі. Журналист- кез келген қоғам өмірінде елеулі рөл атқаратын ақпарат көзі. Оның басты қызметі, халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету. Алайда, ол шынайылық әр кезде сақтала бермейді. Оған себеп, белгілі бір шектеулердің болуы, яғни сөз бостандығының төмен дәрежеде болуы не тіпті болмауы.

                Сөз бостандығы БАҚ еркіндігінің негізі болып табылады, екеуі тығыз байланысты. Ол қоғам өмірінің шынайы бейнесі, халықтың дауысы, халыққа естілуі қажет дауыс десек те болады. БАҚ еркіндігі адамның құқығының қорғалуы және сақталуы үшін қажет. Әлемдегі өзекті мәселелердің басым көпшілігі (қылмыстар, пара беру, зорлық- зомбылық және т.б.) журналисттердің арқасында ел ішінде танылды.  Сөз бостандығы елдер арасында аса қатты дамымаған десек болады. Себебі, ол кез келген жағдайда сүзгіден өтіледі. Цензура- белгілі бер шек. Оның мақсаттары әртүрлі болғанымен, журналистикада оның болуы- ақпаратты аяғына дейін айтпауымен тең келеді немесе ақпараттың растығына күмән келтірерліктей екендігіне теңеледі. Жоғарыда айтып өткендей, журналистің басты міндеті сенімді ақпарат көзі болу. Цензура өз кезегінде, бұл міндетті жүз пайыз атқаруға кері әсерін тигізеді. Осыдан, журналистің қызметі қаншалықты еркін екендіне тоқталып өтсек.

                Журналистің өз ойы болмайды. Ол белгілі бір ақпаратты өз көзқарасы бойынша емес, жан-жақты зерттеп, объективті тұрғыда қарастырып, жариялайды. Объективті қарастырған жағдайда да, онда белгілі бір шектеулер болады. Журналист еркіндігін талқыласақ, ол әркімде әртүрлі болады. Теледидардағы ақпараттар, айтылатын сөздер, талқыланатын мәселелер, баспасөздер бәрі сүзгіден өтілген. Мысал ретінде "Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калееваның жағдайын қарастыруға болады. "Жыл басынан бері "Әділ сөз" журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірген 77 жағдайды тіркеді, ақпарат құралының 7 қызметкері ұсталған, 16 журналиске күш көрсетілген, журналистің ізіне түскен екі жағдай, 30 қоқан-лоқы тіркелген" деді Тамара Калеева 2 қарашада Facebook жазбасында. Демек, еркіндік жоқ.  Егер тәуелсіз журналисттерді, оппозиционерлерді қарастырсақ, оларда шектеу жоқ. Олар, өзекті мәселелерді талқыға алып, өз ойларын емін- еркін білдіре алады. Ондай журналистер өз істерін әлеуметтік желілерде іске асырады. Мұнда еркіндік байқалады және керекті ақпарат көбірек десек те болады. Осыдан, бұл қызметтегі еркіндік дәрежесін біле аламыз.

                Журналистикада сөз еркіндігі өте маңызды. КСРО кезіндегі журналистикамен салыстырғанда, қазір көптеген тәуелсіз БАҚ-та сөз еркіндігі кішкене болсын жоғары деңгейде. Бұл оның күннен-күнге даму барысында екендігінің дәлелі. Журналистикадағы еркіндіктің төмен дәрежеде болуы- жеке басқа қауіп төнудің салдары. Болашақта бұл мәселе шешіліп, сөз бостандығы тек қағаз түрінде емес, іс жүзіндеде де көрініс табады деп үміттенеміз.

 

Авторы: Менғали Т.М.

Жетекшісі: Әлміш Ж.Т.