Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?
жеке
блог

Қай заманда болмасын, журналист мамандығының маңызы азайған емес. Халыққа ақпаратты тарату, ол ақпараттан шындық пен өтірікті айқындау, әрқашан жаңалықтан хабардар болып отыру – бұл жандардың атқаратын қызметтерінің бірі.

Қазіргі заман журналистикасы сәл өзгерген. Техниканың дамуымен қоса жаңа салалар да пайда болған. Оның мысалы ретінде электронды журналистиканың пайда болуын айта аламын. Яғни, жұмыс процессі дами түскен.

Дегенмен, журналистерге артылатын жүк те ауырлады. Әлеуметтік желілердегі "бллогинг" саласының дамуы нағыз журналистиканың не екенін ұмыттырғандай. Журналистика бойынша ешқандай білім жоқ адамдардың нағыз мамандардан қарағанда жұмысты оңай табуылары ішті қынжылтады.

Профессионалды түрде жұмыс жасау үшін БАҚ өкілдеріне қойылатын талап та күшейтілген.. Ендігі кезекте журналист қалаған тақырыбында мақала жазып, оны халыққа насихаттай алмайды. Журналистердің саяси оқиғалар бойынша үкіметке қарсы әрекет жасауға құқығы жоқ, оның барлығы жоғары жақтағы адамдармен тексеріледі. Қазіргі күні журналист қандай да бір ой мен ұстанымды қалыптастырушы емес, жай көпір қызметін атқаруда десек болады.

Ал заң бұл жайында не дейді?

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі #451 Заңы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ережесінің 2-ші бабы, 1 бөлімінде: "Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады" делінген. Яғни, заң бойынша журналистердің нені жазып, нені айтуын өздері біледі және ақпараттары "сүзгіден" өткізілмеуі тиіс.

Шын мәнінде бұл қаншалықты орындалуда?

Заңның бар болуы бір төбе, оның орындалмауы екінші төбе. Оппозиция өкілдері шындықты көрсетуге қанша тырысқанымен, аяғында опық жейтін тек өздері. Мұның дәлелі ретінде "Қаңтар оқиғасын" айта аламын. Біз бағыныштымыз. Үкіметке, өздерінің қамын ойлайтын шенеуніктерге. Еркіндікке әлі жетпедік. Әлі қанға толы лас саясаттың түбі ашылмады.

Журналист – билік мен халықты байланыстырушы көпір дегенімізбен, оған жету әлі қайда. Біз ақпараттың әлі бетімен жүргендейміз, ал түбіне әлі сүңгімедік. Сүңгейтін жағдайға жетпедік пе әлде оған мүмкіндік жоқ па? Бұл сауалдың жауабын жақын арада табамыз деп сенемін.