Театр - мәдениет ошағы , өнер әлемі .

Ерекше ұсынуымен, көрермендерді өзіне тарта алатындай жасалып жатқан қойылымдар өте көп. Мысалы,мен жақында барып келген Ғабит Мүсірепов театрында монолог жанырында қойылған «Сырымды саған айтамын». Кіші залға кіре берістен қойылымның калай басталғаны білінбей қалады. Өмір деген қызық қой. «Жүре берсең көре бересің» дегендей , ойламаған оқиғалар да болып жатады екен. Әр адамның өз әлемі, ішкі жан сыры болады . Ешкімді түсінбейді деген құпиясы адамды іштей жей бастайды. Оны кімге айтарыңды білмейсің, тек іштей өзіңді жей бересің. Қойылымда осындай өзекті тақырыптар қозғалды . Естен кетпес актёрлардың жан түршіктірер оқиғалары мені тәнті қылды .
      Көптеген комедиялық қойылымдар да жетерліктей , оған дәлел - Ауэзов театрында болған «Бес бойдаққа бір той» . Асыға күткен қойылымдардың бірі болды. Қойылымнан керемет әсер алып, көңіліңді көтеріп шығасың. Ән, би, өлең, күлкі, сезім бәрі бар актёрлық құрамы да керемет. Қатты ойландыратын емес, өмірден шаршағанда ойланбастан келетін қойылымдардың бірі.
     Трагедия жағына келсек Ғабит Мүсірепов театры ұсынатын «Король Лир» қойылымы керемет үлгі бола алады. Себебі, бұл спектакль өзінің бір жан айғайымен керемет эмоция береді. Қойылымды қарап отырғанда менің ойыма «Баласынан айырылған әке таяғына сүйенер» деген мақал келді. Расымен де бұл қазіргі заманда өзекті тақырып деп ойлаймын. Екіжүзділік, алғыссыздық, аңқаулық пен айлакерлік. Перзенттерінің қартайғанда әкесіне көрсеткен сұмдық жан түршіктірер оқиғасы. Соған қарамастан, әр баланың өз сана сезімі бар екенін және де әрқайсының орны бөлек екенін көрсетті. Бұл қойылымның атмосферасын айтып жеткізу мүмкін емес. Тек көзбен қарап көру керек деп ойлаймын.
      Драма жағынан Мүсірепов театрында болған «Бір түп алма ағашы» керемет үлгі болады. Себебі қойылым әртүрлі ерекше эмоциялар сыйлайды жылатып, күлдіріп, тіпті бір сәтте ашуландырып,мұңайтып та алады. Бір ананың сүтін ішіп өскен төрт бала әр түрлі, әр мінезді адамдар болатынын көрсете отырып, әрқайсысы не болсада бір-бірі үшін жанын беретінін дәлелдейді. Бірақ әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы қайшы пікірлер, адамдар арасындағы алауыздық, ағайындардың бір шаңырақтың астына жиналып, мәмілеге келе алмай, аға қарындастардың арасы бұзылып қалған көрініс береді. Ешкімге айтылмайтын, көрсетпейтін отбасыда болып жататын проблеманы да қозғады. Іште жатқан айтылмай қалған ойлар бір мезетте бүкіл тойдың шырқын бұзып, трагедияға алып келді. Жалпы қойылымның идеясы береке мен бірлікке, адалдық пен адамдыққа үндейді. Жақсыдан үйреніп, жамандықтан жиреніп жүруді үлгі етеді. Кез-келген қоғамдық, отбасылық мәселелер оң шешімін тауып, дер кезінде ақиқат ақталатын болса трагедияға жол жоқ екенін аңғартады.

Сіздерге өзім білетін Алматыдағы Мүсірепов және Ауэзов театрлары туралы қызықты деректер айтып кетейін:
   Мүсірепов театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Театрда 7 цех және 6 бөлім бар. 1992 ж. ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің есімі берілген, оның алдында 1945 ж балалар мен жасөспірімдер театры болған. Театр шымылдығын орыс труппасы «Қызыл телпек» пьесасымен ашқан, ал қазақ труппасы сахналық жолын «Мысыққа күнде той бола бермес пьесасымен бастаған болатын.

   Ауэзов театры музейінде 300 мыңнан астам жәді­гер сақ­талған. Театрда 51 койылым бар: оның 70%-і — қазіргі заман тақырыбындағы қойылымдар. 1961 жылы 10 тамызда театрға Мұхтар Әуезовтың есімі берілген. Оның алдында драма театры болған. Театр шымылдығын «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен алғаш рет ашқан.

Бұл мақала жасөспірім балаларды театрға баули отырып, мадениетін көтеру мақсатында жазылды



Бөлісу: