Tik-tok тәрбиелеп жатыр

Tik-tok тәрбиелеп жатыр
жеке
блог

Бүгінде тик-ток жастардың зейінін алып,жеңіл ойлауды қалыптастыруда.Қыздар камера алдында билеп ерсі қылықтар көрсетіп,ненің ақ,ненің қара екенін білмейтін бүлдіршіндер оларға еліктеп жүр.

Қыздан ұят,жігіттен намыс кетіп, ар-ұят пен намыстан айырылып  жатқанымызды байқамай бара жатырмыз.

Жастардың өзін- өзі бағалауы тик-ток,инстаграм желісіндегі жарқыраған фото, керемет бейнероликтермен,сыртқы "ұнату" санымен болып жатыр.

Ең қорқыныштысы үлкендер балаларына тоқтау салып жатқан жоқ.Керсінше өздері қосылып неше түрлі әдепсіз би  билеп жүр.Бұл ұят іс болып есептелмей,"нормаға"айналды.Ежелден  қызға қырық үйден тыйым салып,арлы етіп өсірген халық едік.Қыздың әдебіне зор көңіл бөлген халық едік.Бүгінде бұл тәрбиеден мақұрым қалдық.Ұл-қыздарымыздың желідегі әдепсіз іс-әрекеттеріне  тоқтау салатын үлкендер бар ма?

Бір қарағанда тик-ток әзіл ретінде,көңіл көтеретін нәрсе болып көрінгенімен,тереңдеп қарасақ, ұрпақтың бүлінуіне,тектіліктен,адамгершіліктен айырылуға әкелді.Ұлттық тәрбиені жоғалтып,ұлттық құлдырауға душар етті.Арсыздықтан ұялмайтын күйге түсірді.

Бүлдіршіннің бәрі сол тик-ток пен инстаграм қарап өсіп жатқаны белгілі.Балаға бір сәт қарайықшы. Иран елінің әдемі мәтелі бар "Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін" деген.