Досқа айтылар сыр
жеке
блог

Досқа айтылар сыр

Досқа айтылар сыр.
Досқа айтылар сырлар тебіренетіндей болатыны сөзсіз. Бірақ, менің ойымша дос тек шеріңді тарқатып қана қоймай, ішкі жан дүниеңді сөзсіз түсіне алатын адам болғаны дұрыс. Сол арқылы қай кезде болмасын жаныңнан табылып, қолдаушың бола алады. Әрине достың адалы да амалы да болады. Адал дос мейлі сен кедей бол, мейлі ауру бол, мейлі қорқақ бол сені жалғыз тастамайды. Ал амал дос өзінің мәселесін шешу жолында ғана жаныңнан табылып, сені пайдаланып кетеді.
Дос деген тек сыныптасың, құрдасың, танысың ғана емес жанашыр бауырың, ата-анаң, жан-жарың да бола алуы керек. Сонда ғана "дос" деген сөздің мәні болады. Себебі, осы үш әріпті сөз бізді кемшілігімізбен бірге қабылдауы қажет. Әлбетте әр адам кемшіліксіз болмайды. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" демекші қандай да бір кемшілігіңді өзге адам арқылы емес тіке өзіңе айтады және соны түзеуге қол ұшын созады.
"Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды" дегендей досың көп болған сайын басыңа төнетін қауіпте сейіле бастайды. Бірақ, доспын деп адамду адамнан алалау немесе менсіндей пайда үшін достасу досқа емес жауға тән әрекет деп ойлаймын. Сыртыңнан өзге адамдарға сені жамандаған адам бір күні сені сатып кететіні белгілі. Қазақтың қаншама ақындары жырлағандай достық ең асыл да жақсы қасиеттердің бірі.